ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

Еліміз бойынша биылғы жылдың қазан айында жүргізілетін халық санағының алғашқы кезеңі Түркістан облысы Келес ауданында уақытылы әрі сәтті аяқталды. Бұл туралы Келес ауданы статистика бөлімінің басшысы Мейірбек Тәжібаев мәлімдеді.

Оның айтуынша биылғы жылдың 1 және 30 маусым аралығында санаққа тартылған сұхбатшылар аудандағы барлық 83 елді мекендегі тұрғын үйлер және тұрғын жай санатына жатпайтын ғимараттарды толығымен есепке алған. Жинақталған мәліметтер бойынша картографиялық мәліметтер толықтырылды.

Сондай-ақ аудандағы 12 ауыл округі аумағында халық санағына байланысты ақпараттық билбордттар ілініп, еріктілердің көмегімен биылғы халық санағының өту кезеңі, тәртібі туралы жазылған парақшалар таратылған.

— Биылғы халық санағы бұрынғы өткізілгендерден өзгеше болғалы отыр. Өйткені бұл жолы тұрғындар сауалнамаға онлайн және дәстүрлі түрде қатыса алады. Қандай форматты таңдау әркімнің өз еркінде. Жалпы әр он жыл сайын халық санағын жүргізу мемлекеттің болашағын дұрыс жоспарлау, даму мүмкіндіктер саралау үшін аса маңызды шара. Сондықтан халық санағына аудан тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамын, — дейді аудандық статистика бөлімінің басшысы Мейірбек Тәжібаев.

Қазір ауданда халық санағының екінші кезеңіне дайындық шаралары жүргізілуде. Бұл кезеңде аудан бойынша 164 адам сұхбатшы болып қазан айының 1-нен 30-на дейін бір ай мерзімге жұмысқа тартылады. Сонымен бірге тағы 25 азамат бір жарым ай бойына нұсқаушы-бақылаушы болып іс жүргізеді.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика