КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ 73,4 ПАЙЫЗЫ КОНДОМИНИУМ НЫСАНЫНА ТІРКЕЛГЕН

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегінде «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу бағытында атқарылған жұмыстар бойынша ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ержан Бекболатов тікелей эфирде сұхбат берді.

– Қалада 2196 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның 1612-сінде кондоминиум (бірге иелену) нысаны тіркелген. Ол жалпы тұрғын үй қорының 73,4%-ын құрайды. Қалған тұрғын үйлер бойынша кондоминиум нысаны ретінде тіркеу жұмыстарын жандандыру қажет, – деді Ержан Тілемісұлы.

Басқарма басшысының сөзінше, басқарудың жаңа нысандарына көшу және жаңа реформаларды ілгерілету үшін жобалау офисі құрылған. Оның құрамына төрт аудан өкілдері, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ-ның және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының өкілдері кірген. Бүгінде арнайы жұмыс тобы құрылып, тұрғын үйді басқарудың жаңа тетігі бойынша онлайн тәртіпте таныстыру және оқыту жүргізілуде.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика