
Айта кетейік, бауыр трансплантациясы – ауру бауырды басқа біреудің сау бауырымен алмастыру операциясы. Бауырды толығымен немесе оның бір бөлігін ғана трансплантациялауға болады.Көп жағдайда сау бауыр жаңа ғана қайтыс болған орган донорынан келеді.Бауыр — жоғалған немесе зақымдалған тіннің орнын толтыратын (қайта қалпына келтіретін) ағзадағы жалғыз орган. Донордың бауыры операциядан кейін көп ұзамай қалыпты мөлшеріне оралады. Сіз жаңа бауыр ретінде алатын бөлік бірнеше аптадан кейін қалыпты болады.