ЕГІСТІКТЕН ЖЫЛЫНА 3 РЕТ ӨНІМ АЛУ БОЙЫНША 316 ЖОБА ІСКЕ АСУДА

Түркістан облысы Келес ауданындағы 8 ауылдық округте алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып, жылына 2-3 рет өнім алу бойынша 316 жоба жүзеге асырылуда. Жаңа тәсілге негізделген егістік алқаптың жалпы аумағы 1 мың 400 гектар.

Бүгінгі таңға дейін бірінші айналымнан 41 мың 959,7 тоннаның өнімі өндірілсе, екінші айналымнан 1 мың 400,15 тонна бақша және көкөніс өнімдері өндіріліп, диқандар табысын еселеді. 2019 жылы жаңашыл әдісті тәжірибе ретінде сынап көрген олар содан бері бұл істі еселеп, ұлғайтып келеді. Жердің бабы мен күн райының қолайлы кезеңін үйлестіре білген диқандар алдымен қырыққабат, одан соң картоп, ең соңында қызанақ пен қияр өсіріп көрді.

Диқандар егіске ақпан айында кірісті. Алдымен қырыққабат екті. Өйткені ол ерте көктемдегі суыққа төзімді. Көшеті жылыжайда өндірілген көкөніс ашық алқапта 45 күнде пісіп жетілді. Оны жиып алған соң орнына бұршақ тұқымдас дақылдар себілді. Дақылдың мұндай түрі жиып алынып қойып, кейіндеу сатуға қолайлы. Диқандар үшінші егіске суыққа шыдамды өнім түрлерін отырғызуды әдетке айналдырды.

2018 жылы ауыл шаруашылығы саласы бойынша Келес ауданы облыста «Көкөніс өнімдерін өндіру бойынша ең үздік аудан» номинациясын иеленсе, 2019, 2020 жылдары «Бір алқаптан 2-3 рет өнім өндіру бойынша үздік аудан» деп танылып, арнайы марапатқа ие болды. Аудан шарулары бұл жетістіктерді биыл да бағындырамыз деген меже қойып отыр.

Жалпы, халықтың негізгі күнкөрісі саналатын ауыл шаруашылығы саласы бойынша айтар болсақ, биыл 6 миллиард теңгенің өнімін өндіру жоспарланып, үш жылдың ішінде 173,3 пайызға немесе 25,4 миллиард теңгеге артқан.

Фото www.gov.kz-тен

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика