КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР АҒЫН СУДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ

Түркістан облысы Келес ауданында соңғы үш жылда 339,7 шақырым болатын 74 канал, 22 қашыртқы және 2 лоток механикалық тазалаудан өткізілді. Аудан орталығынан ағып өтетін 3,8 шақырымды құрайтын Араншы-1 каналына күрделі жөндеу жасалды.

Аудан әкімі А. Есбаевтың айтуынша, осы жұмыстардың нәтижесінде енді су сыртқа ағып, ысырап болмайды. Яғни, тұрғындардың ағын судан таршылық көреміз деп алаңдауына ешқандай негіз жоқ.

Биылдың өзінде Келес ауданының Қошқарата ауылдық округінде 4 шақырымнан асатын канал күрделі жөндеуден өтті. Су арнасының өткізгіштік қабілетінің артуы 300 гектар көлемдегі суармалы жерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Күрделі жөндеу жүргенге дейін соның 70 гектары ғана ағын сумен қамтылған болатын. Енді 300 гектар жер толығыменен айналымға қосылып, игерілді. Күрделі жөндеу жұмыстары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты «Тұран Су» КММ мекемесі тарапынан жүргізілген.

Келес ауданы шекаралас аймақта орналасқандықтан, ағын суға келгенде көрші елге тәуелді. Сондықтан, бүгінгі таңдағы басты мақсат егіс алқаптарына су үнемдеу технологиясын мейілінше көптеп енгізу болып отыр. Бұл – заман талабы. Қазір аймақта тамшылатып және жаңбырлатып суару тәсілдері кеңінен қоланылуда. Сондай-ақ, соңғы үш жылда 71,8 гектар жылыжай құрылысы салынған. Бұл шаруашылықтардың барлығы егістікте тамшылатып суару технологиясын пайдаланып келеді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика