ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінде карантин талаптарына ендірілген өзгерістер мен вакцинация бойынша мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Оразымбетов, аудандық аурухананың өкілдері мен мобильді топ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде аудандағы індет жұқтыру көрсеткіштері мен вакцинациялау барысы айтылды.

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Спандияр Оразымбетов соңғы шыққан қаулыға сәйкес енгізілетін шектеулер туралы түсіндіріп өтті. Ал, аудандық аурухананың өкілдері індет бойынша аудандағы көрсеткіштеріне тоқталып, вакцина алудың маңыздылығын жан-жақты баяндады.

Бүгінгі таңда аудандағы медициналық мекемелерде «Гам-КОВИД-Вак», «QazCovid», «Hayat-Vax» және «КоронаВак» арнайы препаратының жеткілікті қоры жасақталған. Дәрілер аудан аумағындағы аурухана мен емханаларда, сондай-ақ, шалғай ауыл аймақтың тұрғындарына жылжымалы медициналық кешен арқылы салынуда. Жалпы, 5 медициналық пункт вакцина салдыру үшін арнайы жабдықталған. Алдымен, келушілер дене қызуы мен қан қысымын өлшетіп, сауалнама парағын толтырады. Дәрігер өкпесін тыңдап, тексереді. Вакцинациялау ісінде ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін аудандағы мекеме, ұжым қызметкерлері белсенділік танытуда.

Мәжіліс барысында екпеге қатысты туындаған сұрақтарға жауап беріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды. А.Жаңбырбаев індетпен күресуде әр азамат жеке жауапкершілігін жіті түсінуі қажеттігін, бұл бағытта түсіндіру жұмыстары күшейтілетінін айтып өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика