ШЫМКЕНТТІҢ БАЗАРЛАРЫ ЖАҢАРАДЫ

Шымкент мегаполис статусын алғалы еңсесі тіктелген қалаға айналды. Көшелер кеңейіп, көпқабатты тұрғын үйлер көптеп салынуда. Саябақ пен аллеялардың саны артты. Енді базарлар жаңармақ. Бүгінге дейін  қаладағы 12 базарда реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталған. Тағы 7 базарда осындай жұмыстар жалғасып жатыр екен.
Мамандардың айтуы бойынша, ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы қала базарларын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, базарларды жаңғыртуды талап етеді. Заң талаптарына сәйкес, Шымкенттегі 19 базар модернизациядан өтуге жатады.
Оның ішінде 12 базарда, жоғарыда айтқанымыздай, реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталған. Атап айтқанда, «Бекжан», «Шымкент Тұлпар», «Исатай (Алатау)», «Акбар», «Иманалиев» мал базары», «Барыс», «Жабық базар», «Көктем», «Жібек жолы», «Жаңа шахар», «Назым апа» және «Көмеш бұлақ» базарлары талапқа сәкестендірілген.
Ал, «Авто Нұр», «Орталық қырғы базар», «Алаш», «Айна», «Дархан», «Самал», «Нұр Сайрам» базарларында модернизациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтар болсақ, бұл базарлар сауда қызметін ұйымдастыру қағидаларына, оның аумағын күтіп-ұстауға, жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарға сәйкестендірілуде.
Ресми деректерге сүйенер болсақ, биыл «Нұр Сайрам» және «Дархан» базарларында қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталады.
Шымкент қаласының қонақтары мен тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында базарларда ақпараттық стендтер орнатылған. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық, ветириналық талаптарға сәйкес келтіру бойынша да жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Базарларда сатушылар мен сатып алушылардың қауіпсіздігі де қорғалған. Барлық базарда камералар көптеп орнатылып, орталықтандырылған жүйеге қосылған. Күзет те күшейтілген. Заманауи үлгіде қайта жаңғыратындар бұл үрдісті жалғастырып, әр сауда нүктесіне дейін бейнебақылау қоймақ ниетте.

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика