КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ 13 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ БИЫЛ ТАЗА АУЫЗ СУ ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Биыл жыл соңына дейін Келес ауданындағы 13 елді мекенге құбыр тартылып, таза ауыз су беріле бастайды. Олар: Ақтөбе ауыл округіне қарасты Бозсу елді мекені, Біртілек ауыл округіне қарайтын Амангелді, Игілік, Біртілек, Көлтоған ауылдары және Бірлік ауыл округіндегі Бірлік, Үшағаш елді мекені, Жамбыл ауыл округіне қарасты Бекбота ауылы, Бозай ауыл округіндегі Бозай елді мекені, Алпамыс батыр ауыл округіндегі Ақжол Қауыншы, Ащыкөл, Қалғансыр елді мекендері.

Қазіргі таңда бұл аймақтардағы 10 нысанда құрылыс монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Ал, Біртілек ауыл округіндегі Игілік, Біртілек, Көлтоған елді мекендерінде ауыз су жүйелерінің құрылысы аяқталып, бүгінгі таңда құрылыс нысанын қабылдау жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, Ақтөбе ауылына қарасты Қаратөбек және Ғани Мұратбаев ауылдарында жер асты су қорын зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімдігі тарапынан жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстардың нәтижесінде аймақтағы 83 ауылдың 48 елді мекені бүгінгі таңда таза ауыз судың игілігін көріп отыр. 2020 жылы халықтың таза ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 60,7 процентке жетті. Жыл соңында бұл көрсеткіш 73 процентке артқалы отыр. Сарапатау жұмыстары нәтижесінде 4 елді мекенге ауыз жүйесін тарту экономикалық тұрғыда тиімсіз болып табылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика