ҚАЗАҚ СПОРТШЫСЫ ӘЛЕМНІҢ ТӨРТ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Түркістан облысы Келес ауданының тумасы Қалдар Қасымбаев Украинаның Киев қаласында жиу-житсудан өткен әлемдік сайыста қарсыластарының барлығын ойсырыта жеңіп, чемпионаттың алтын медалін жеңіп алды.

Ол осыған дейін спорттың осы түрі бойынша әлемнің үш дүркін чемпионы атанған спортшы ең алғаш Африка құрлығында өткен әлем чемпионатында әскери самбодан бас жүлдені жеңіп алған болатын. Онан кейін 2018-2019 жылы тағы да қатарынан әлемдік бәсекенің ең жоғары тұғырынан көрінді. Оның бірі 2018 жылы 14 қазанда Чехияның Острава қаласында өткен болатын.

Қалдар Әбдікәрімұлы Қасымбаев қоян-қолтық ұрыстан және әскери самбодан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Түркістан облысы Келес ауданы, Береке ауылының тумасы. Бала кезінен спортқа құмартқан Қалдар еркін күреспен шұғылданған. Шапшаң әрі ширақ қимылымен қатарластары арасында бірден көзге түсіп, ауыл және ауданаралық спорттық шараларда жас чемпион атанып жүрді. Өмір жолын спортқа арнаған қазақ баласы қандай қиындықтарда да мойымай өз биігіне ұмтыла білді

Қалдар бүгінде кәсіби спортшы болумен қатар жаттықтырушылықты да қатар алып келеді. Спорттың жекпе жек белдесу түрінен жаттықтырушы болып жұмыс істейтін оның 20-ға жуық шәкірті бар. Олар бүгінде аудан, облыс, республика, Азия құрлығында жауынгерлік самбо, аралас жекпе-жек, джиу-джитсудан жеңімпаз атануда.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика