Түркістан облысы Келес ауданы Қошқар ата ауылдық округының тұрғыны Нұржігіт Жанғазиев биогумус өндіруді қолға алды. Мақсаты аудан аумағында егін шаруашылығымен айналысатын шаруаларды органикалық табиғи тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп, өнім көлемін арттыру. Сондай-ақ халықты табиғи дәрумендерге бай өнімдермен қамтамыз етуге үлесін қосу. Кәсіпкер сұранысқа байланысты, алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Нұржігіттің айтуы бойынша, аймақтағы әрбір егістікпен айналысатын диқандар өз шаруашылығына қажетті биогумусты өзі өндіруге қауқары жетеді. Ол үшін бар болғаны арнай жер бөліп, колифорния қызыл құртын (шылаушын) малдың тезегіне тастау керек. Оның құрманын кейіннен қажетті ылғалдылықпен сақтап тұрса, малдың қиы таза органикалық тыңайтқыш — биогумусқа айналады екен. Бұл өз кезегінде химиялық тыңайтқыштарға кететін шығындарды азайтып, жердің құнарлығын арттыруға және өнім көлемін көбейтуге септігін тигізеді.
Биогумус — топырақтың құнарлығын артырып, құрылымын және физикалық қасиеттерін жақсартатын қоспа. Биогумус химиялық тыңайтқыштарға қарағанда егіс алқабынан 2-5 есе артық өнім алуға мүмкіндік береді.
Кәсіпкер Нұржігіт Жанғазиев биогумус өндіру бойынша өз тәжірибесін аудан тұрғындарымен бөлісуге дайын екендігін жеткізді.
Leave a Reply