Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға аса көп назар аударылып жатыр

Жолдың мәселесін жолда жүргендер жақсы түсінеді ғой. Кездесулерде, қоғамдық қабылдауларда, әлеуметтік желілерде маған кеп, жекеме жазып, әртүрлі пікірлерді жеткізіп жатады.

Өзім де күн сайын магистралды жолдар мен ішкі орам көшелерді осылай әріптестеріммен бірге аралап, жұмыс басында талқылап, сапасы мен уақытылы аяқталуын қадағалап тұрамын.

Байқап жүргендерiнiздей, биыл Шымкентте соңғы жылдары болмаған, ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде қаламыздағы магистралды жолдар тәулігіне 20-35 мың көлік өткізе алса, нақты көрсеткіштер бойынша 50-70 мыңнан аса көлік жүреді екен. Бұл қосалқы жолдарды көбейту керегін және жолдардың сапасын нашарлататынын көрсетеді.

Сол себепті, қазір біз Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға аса назар аударып, осы бағытта жұмыс жасаудамыз.

М.Исақов

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика