18 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Шымкент қаласында 70 көп қабатты үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі таңда 18 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ал, 37 тұрғын үйде жұмыстар жалғасу үстінде. 1 үйде жұмыстар енді басталатын болса, қалған 14 үйдің тұрғындары жөндеу жұмыстарын өздері жасағандықтан бастартқан. Аяқталған жұмыстардың сапасын тексеру мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйлерге барды.

Ерімбетов көшесіндегі №34а, 30, 33, 9 тұрғын үйлердің шатырлары ауыстырылып, кіреберіске жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кейбірінің қасбеті жаңа кейіпке енсе, енді бірінің лифттері жөнделген. Одан өзге жертөле, кәріз жүйесі, электротехникалық және монтаж жұмыстары атқарылған. Модернизациялау жұмыстарына жауапты — «Тұрғын үй- Шымкент» ЖШС-і мердігер мекемесі.

Мұрат Әйтенов тұрғын үй төрайымдарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды көрді. Сондай-ақ, сала басшысына жұмысы аяқталмаған нысандарды мерзімінде сапалы аяқтауды жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика