ОН КҮН КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Төтенше жағдайлықтар жаңажылдық мереке кезінде 10 күн қатарынан күшейтілген режимде жұмыс істейтін болды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев мәлімдеді.

– Шымкент қаласының тұрғындарына Полиция департаментімен бірігіп, жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық заттарды қолдану кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында түсіндірме және өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, 21 рейдтік іс-шара өткізіліп, 14 желтоқсанда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында қаланың ірі сауда орындары мен базар иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деді Мадияр Есенгелдіұлы.

Спикердің айтуынша, өткен жылы жаңа жыл мерекесін тойлау уақытында жазатайым оқиғалар тіркелмеген. Сонымен қатар, пиротехникалық бұйымдарды арнайы лицензияланған сәйкестік сертификаты және қолдану нұсқаулығы бар дүкен бөлімінен ғана сатып алу ұсынылады. Ал пиротехникалық заттарды сақтау және сатуға лицензиясы болмаған жағдайда Полиция департаменті тарапынан әкімшілік іс қозғалады.

Айта кетейік, желтоқсан айының 25-і мен қаңтардың 5-і аралығында Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы шырша орнатылған орталық көшелерде өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша күшейтілген режимде қызмет атқарады. Ұзақ жолға шықпас бұрын облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі туралы «112» немесе 33-74-84 телефондары арқылы білуге болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото Береке Сейітжаппардікі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика