МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Бүгін Келес ауданында мұғалімдердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. «Білімді Ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбындағы кеңеске ұзақ жылдар білім саласында қызмет жасаған бірқатар ардагер ұстаздар мен осы салада аянбай еңбек етіп жүрген білім беру ұйымдары қатысты.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы А.Сексенбаев Кеңесте сөйлеген сөзінде: «Сіздермен бірге ауданымыздың барлық педагогикалық ұжымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтағым келеді және баршаңызға өте жауапкершілікті жұмыстарыңызда табысты болуларыңызға тілектестігімді білдіремін. Біздің халқымыз «Ұстаздық ету – талабы қашанда таусылмайтын, заманы ешқашан ескірмейтін кәсіп» деп, мұғалім мамандығына ерекше құрмет танытады. Ендеше, баршаңызды алда келе жатқан Білім күнімен шын жүректен құттықтап, игілікті істеріңізге табыс тілегім келеді»,-деп ауданның білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін барша ұстаздар қауымына алғысын білдірді.

Бүгінгі таңда Келес ауданында 34 мыңға жуық бала мектепте білім алады. Олар мектепке дейінгі 101 балабақшада және 63 жалпы орта білім беру ұйымдарында оқып, тәрбиеленуде. Аудандағы жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың үлесінің 85,4% жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарды құрайды. Барлық мектепке дейінгі ұйымдар «Balabaqha smartnation.kz» автоматтандырылған жүйеcіне қосылған. Осы жүйе арқылы балаларды қабылдау, кезекке қою, жолдама беру мемлекеттік қызметтері жүзеге асырылуда.

Барлық білім беру ұйымдары Ashyq жобасына 100% қосылған. Биылғы оқу жылында мектептер санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі форматта оқытылады. Күнделікті дене қызуын өлшей отырып, масқалық режим оқушы мен мұғалім арасында қатаң түрде сақталады. Сыныптарды желдету, дезинфекциялау жұмыстары күнделікті жүргізіліп отырады.

Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – мұғалімнің жүктемесі 18-ден 16 сағатқа азайтылды. Сабақ ұзақтығы 45 минутқа қайтарылды. Білім алушылардың оқу жүктемесі төмендетілді. Білім беру ұйымдарына қысқартылған оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарларын таңдау мүмкіндігі берілді. «Жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курсын енгізу оқушыларымыздың бойында қазіргі қоғамның талаптарына сай білім мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Биылғы оқу жылында еліміздің мектептері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, ағартушы-ұстазымыз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығын атап өтеді.

Конференция барысында бірқатар ардагер-ұстаздар сөз алып, мемлекет тарапынан білім саласына көрсетіліп жатқан қолдауларға ризашылықтарын білдіріп, жас ұстаздарға жаңа идеялы көзқараспен сапалы білім беру бағытына тілектестіктерін жеткізді. Жиын соңында Алмас Сексенбаев білім саласының дамуына үлес қосып, ерекше шығармашылығымен жоғары жетістіктерге жеткен ұстаздарға ҚР Білім және ғылым минстрлігінің Құрмет грамотасымен, ҚР Білім және ғылым минстрлігінің және облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика