Шымкент пен Түркістандағы Назарбаев даңғылы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын және еліміздегі облыс орталықтарында Елбасы Н.Назарбаевқа көше аттарын беруді ұсынған еді.

tories/0mmmmmmmm.jpg» border=»0″ />

Аталған ұсынысты негізге ала отырып, алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясында қала депутаттары Шымкент қаласындағы Астана даңғылын Nursultan Nazarbaev даңғылы есімімен қайта атауды бір ауыздан қолдады. Бұл даңғыл – Шымкент қаласының бас көшесі. Онда қаланың әкімшілік-іскерлік орталығы орналасқан.

tories/0mmmmmmmmm.jpg» border=»0″ />

Ал сәрсенбі күні алтыншы шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс 44-сессиясы өтіп, сессияның күн тәртібіне: «Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына Түркістан қаласындағы кейбір көшелерді қайта атау жөніндегі ұсыныс енгізу туралы» мәселесі қойылды. Сессияда Әмір Темір көшесі мен Бекзат Саттарханов даңғылының қиылысынан бастап, Тәуке хан даңғылы мен Нәзір Төреқұлов көшесінің қиылысына дейінгі аралықты Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта атау жөнінде ұсыныс білдіріліп, толық қолдау тапты.

«Қызмет» ақпарат

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика