ШАҒЫН ИНВАЗИВТІ ОТА ЖАСАУ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САБАҚТАРЫ ӨТУДЕ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.

– Шымкент қаласында 15 қыркүйек және 15 қараша аралығында емханаларға тіркелу науқаны аясында 19 мыңнан аса адам еркін таңдау құқығын пайдаланды. Оның ішінде 11 186-сы қағаз жүзінде, қалғаны электронды үкімет веб-порталы арқылы өтініш берді. Бұл ретте еркін тіркеу науқанына 42 алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымы қатысты. Ал коронавирустық инфекциясы жайлы айтсам, бүгінде қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақты, – деді Бақытжан Жолдасбекұлы.

Спикердің сөзіне сүйенсек, қараша айының 26-28 аралығында Шымкентте ақтаулық әріптестермен бірлескен эндоскопиялық гемитиреоидэктомия, лапароскопиялық асқазан резекциясы, жатыр ампутациясы, нефрэктомия және уретролитотомия оталарын жасау бойынша шеберлік сабақтары өтуде.

Айта кетейік, қалада осы жылдың 24 наурызынан 27 қарашаға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5 349 жағдайы (2723 симптомды, 2626 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 5 160 науқас емделіп шыққан.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Береке Сейітжаппар

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика