БЮДЖЕТ КОММУНАЛДЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ БАҒЫТТА ҚАЙТА ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімі орынбасарлары Мәулен Айманбетов пен Айбек Сәттібаев басқарма басшыларымен кездесіп, бюджет қаралымын нақтылады. Жиында осы жылғы бөлінген бюджеттің игерілуі және 2021 жылға жоспарланған жұмыстардың маңыздылығы мен көлемі туралы талқыланды.

Шаһарда жер қатынастары,  коммуникация  және құрылысы жүріп жатқан нысандардың заңдылығы бойынша бірқатар мәселе бар. Әкім орынбасарлары осы жағын анықтап, дер кезінде тиісті шара қолдауды тапсырды. Сала жетекшілері  «Солтүстік Батыс», «Ынтымақ» «Достық», «Тұран», «Бозарық»,  «Қайнарбұлақ», «Асар», «Алтынтөбе»,  «Жұлдыз» шағын аудандарының инфрақұрылыммен қамтылуын  мерзімінде аяқтауды ұсынды.

Мәулен Айманбетов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

Алдағы уақытта коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы нысандардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету және қала тұрғындарына барынша қолайлы жағдай жасау үшін аудан әкімдерінің функционалдық міндеттемелерін күшейту туралы қала әкіміне ұсыныс бердік,.

Сонымен қатар, құрылыс жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлерде инфрақұрылымды дамыту, тың жобаларды қолдануды және көгалдандыру мен коммуналдық жүйелердің сапасын жақсартуды да өзекті. Жиын соңында әкім орынбасарлары сапалы қызмет көрсетуге шақырып, қаладағы барлық шағын аудандардың соңғы нүктесіне дейін қоғамдық көлікпен қамтуды, жылыту жүйелері мен инфрақұрылымды дамытуды тиісті сала басшыларына тапсырды.

Г. Қалмырзақызы 

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика