Шағынаудан көшелері залалсыздандырылып жатыр

Шымкент қаласының төрт ауданында дезинфекциялау жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Залалсыздандыру жұмыстары Абай ауданына қарасты «Самал-3» шағынауданындағы көшелерде атқарылды.

Бүгінде қала аумағындағы адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарлар мен аялдамаларға толық дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындарға сақтық шараларын сақтану керектігі ескертіліп, аса қажеттілік болмаса үйде отыруға кеңес берілуде.

Айта кетейік, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаһарда қауіпті індеттің алдын алу бойынша дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға 200-ден астам еріктілер мен әскери қызметкерлер жұмылдырылған.

Ірі сауда орындары мен базар аумақтары сенбі жексенбі күндері толық дезинфекциялау жұмыстарынан өтеді. Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Олар техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген.

Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика