
Шымкент қаласында Пилоттық режимде Тәуке хан даңғылының Қазыбек би, Тәшенов, Дулати көшелерімен қиылысында қозғалысты реттейтін автоматтандырылған бағдаршамдар орнатылды.
— Ерекше бағдаршамдар төмендегі қасиеттерге қабілетті:
- Интелектуалды көлік жүйесі нәтижесінде қала қиылысындағы көлік қозғалысын 42-48%-ға арттыруға
- Кептелістердің санын азайтуға
- Жол кептелістерін өткізу сынды оң нәтижеге қол жеткізілген -деді басқарма басшысы Әсет Маратұлы.
Қоғамдық көлік саласына ақпараттық-технологиялық жүйе енгізу – Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басым бағытының бірі.
Ақбөпе ЕРГЕШ