КӨРІКТІ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында 1 желтоқсан — «ҚР Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай, Бадам өзенінің үстінен өтетін көпір ел игілігіне берілді. А-2 «Хоргос-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолын қайта құру жұмыстары толығымен аяқталды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылысы аяқталған көпірдің ашылу рәсіміне қатысты. Қолданыстағы бұл көпір 1970 жылдары салынған. Ұзындығы 144 метр, ені 11 метрді құрайтын. 2005 жылы көпірдің техникалық жағдайы апатты деп танылды. 2016 жылы аталған республикалық маңызы бар автомобиль жолы Шымкент қаласының теңгеріміне қабылданып, 31,6 шақырым жолды қайта құру жұмыстарына жобалық-сметалық жұмыстар (7 кезең) әзірлене басталды.

Қазіргі таңда екінші кезеңге сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Ал, 1 кезеңде көрсетілген көпір пайдалануға берілді. Көпір құрылысы үш кезең бойынша жүргізіліп, 1 148 шақырым жол жөнделді. Қайта құру жұмыстарының есебінен, апатты көпірдің орнына жаңа көпір салынып, ені 22 метрге ұлғайды.

Нәтижесінде көлік өткізу қабілеті 2 есеге артты. Құрылыс жұмыстарын «ЖБИ-С» ЖШС жүргізді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика