«ШЫМСИТИДЕ» ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкентте жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Шым сити» шағынауданында орналасқан №135 жалпы орта білім беретін мектеп 1200 орынға арналған.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан салынған білім нысанымен танысып, ғимаратты аралап көрді. Қала әкімі мектептің лингафонды кабинеті, бастауыш сынып, ер балаларға арналған технология кабинетімен танысты.

Сонымен қатар, шаһар басшысы жас шахматшылар ойынын тамашалады. Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы мектептің спорт залының жағдайымен танысты.

Мектептің материалдық-техникалық базасымен танысқан қала әкімі мектептің Естелік кітабына қол қойды.

Мектеп ғимаратының құрылысы 2017 жылы басталған болатын. Жоба құны – 1 млрд. 448 млн теңге. Құрылыстың бас жобалаушысы – «Көркем сәулет» ЖШС. Мердігер мекеме нысанды өз уақытында аяқтап, пайдалануға тапсырды.

Бүгінде мектептегі оқушылар саны – 720. Аумағы 3 гектарды алып жатқан мектеп асхана, спорт зал, медициналық пунктпен жабдықталған. Компьютер саны – 172 дана. Мектепке бүгінде ұлағатты ұстаз Берікбай Михеев жетекшілік етеді.

Айта кету керек, Шымкентте биыл жыл соңына дейін бірқатар білім ошақтарының құрылысын аяқтау жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика