Алматы қаласының әкімі болып Ерболат Досаев тағайындалды. Бұл жөнінде фейсбуктегі AkordaPress парақшасы бөлісті.
Ақорданың ресми парақшасы таратқан мәліметте «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының Әкімі қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылды» делінген. Ал, бұған дейін Алматы қаласының әкімі болған Бақытжан Сағынтаевтың қызметтен кетуі жайында осы парақшада «басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды» деген түсініктеме тұр.
Е.Досаевтың бұған дейінгі отырған Ұлттық Банктің төрағасы креслосына Мәдина Әбілқасымова келгені туралы желіде жазба тарай бастады. Мәдина Ерасылқызының бұған дейін әр жылдары түрлі лауазымды қызметтерде: ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы, ҚР Президенті жанындағы реформалар бойынша Жоғарғы кеңесінің мүшесі секілді қызметтерде еңбек еткен.
Көрнекі фотосурет ашық көздерден алынды
Leave a Reply