ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев, әлем және Европа чемпионатынан жүлдемен оралған спортшылармен кездесті.

Аудан әкімі чемпиондарды мараппатау кезінде «Еліміздің көк байрағы әлемнің алып державалары саналатын Россия және Қытай сынды мемлекеттердің туларынан жоғары түрғанын көріп өте қатты қуандым. Сіздердің жетістіктеріңіз жастарға өнеге. Өздеріңіз секілді көк байрақты бүкіл дүние жүзі қарап отырған чемпионатта желбірететін спортшыларымыз көп болсын» деп арнайы алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.

Марапаттау рәсіміне қатысқан Қалдар Қасымбаев Украина мемлекетінің Киев қаласында джиу-джитсудан ересектер арасында комбат-систем бойынша өткен әлем чемпионатында 1 орынды жеңіп алған. Ал, Досбол Көпжасарұоы Ережепов — Украина мемлекеті Киев қаласында өткен джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында 3 орынға көтеріліп, қола медаль иеленген. Сондай-ақ, Жалал Абай Еркінұлы Ресей Федерациясының Қазан қаласында өткен ММА аралас жекпе-жектен Европа чемпионатының 2 орнынан көрінді.

Келестік спортшылардың бұл жетістігі еліміздің даңқын асқақтатып, спорт құмар өрендерді мақсаткерлік пен табандылыққа үндеп, жеңімпаз және жүлдегер тұғырынан көрінуге талаптандырмақ.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика