КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТЕДІ

Мемлекет басшысы — Қ.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшуді ұсынған болатын. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогтың жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел әрекет ету болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалы қалалық бөлімдерінде (Халыққа қызмет көрсету орталықтарында) департамент жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобы, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйым мүшелерінің қатысуымен азаматтарды мемлекеттік қызметтер көрсетулер бойынша қоғамдық қабылдаудың кестесі бекітілген.

Осыған сәйкес, Келес ауданында 2021 жылдың 1 қыркүйегі күні сағат 16:00-18:00 аралығында Абай ауылы, Рысқұлов көшесі №82 А мекен-жайында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалы Келес аудандық бөлімінде (Халыққа қызмет көрсету орталығы) қоғамдық қабылдау өтетін болады.

Қоғамдық қабылдау барысында Келес аудандық әкімдігіне қарасты жауапты бөлімдердің мамандары тарапынан қызмет көрсетулер мен консультациялық кеңестер берілетін болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика