2022-08-10

Жаңғақты ірімшікпен жеу шипа болады

tories/greckie-orehi.jpg» width=»300″ height=»199″ alt=»greckie-orehi» style=»float: right;» />

        Пайғамбарымыз «Сірке суы қандай жақсы тағам» деген. Сірке суы ең пайдалы тамақ. Құрма да тамақ. Яғни нанмен желінеді. Жүзім әрі тамақ, әрі жеміс. Жүзімді нан қосып жеу сүннет. Құрманың құр өзін жеу сүннет.
        Мейіз, жаңғақ, бадам жеу сүннет. Балда шипа бар. Жетпіс пайғамбар балға береке тілеп, дұға еткен. Расулуллаһ алей-һиссалам құрманы өте жақсы көретін. Құрмаға қауын, қарбыз қосып жейтін. Қауын, қарбыз бүйректі тазалайды, бас ауруын кетіреді. Асқазан-ішек құрттарын түсіреді. Көзге қуат береді. Расулуллаһ салқын шәрбаттарды жақсы көретін. Палау жеген кезде салауат оқу керек.
       Пайғамбарымыз бұршақты (бобовый) қабығымен жеуді мақтады. Хаббәтуссәуда, яғни содана дерттерге дауа болады деді. Жаңғақты ірімшікпен жеу шипа болады. Бұл екеуін ешнәрсе қоспай жалғыз жеу зиян болады. Бір нәрсеге қосып жеу керек. Жүзімнің сүйегі зиян. Пайғамбарымыз жүзімді қолына алып, оң қолымен үзіп жейтін. Айва жүректен ауыртпалықты кетіреді. Әр қауын, қарбыз, анарда бір тамшы жаннаттың суы бар. Бір анарды жалғыз жеу керек. Бір тамшысы да бос кетпеуі керек. Анар жүрек соғысына пайдалы. Асқазанды күшейтеді. Сығып ішілсе өтті айдайды, іш қатқанды кетіреді. Әнжір жүрекке шаттық береді. Шаншуды, ас қорыту органдарының ауруларын кетіреді.
Жасыл қиярды тұзбен жеу, жаңғақты құрма және балмен жеу – Расулуллаһтың сүннеті. Пайғамбарымыз баклажанды мақтаған және зәйтүн майын қосып пісіріңдер деген. Қараотты да мақтаған. Балдыркөк ұмытшақтықты кетіреді, зәрді айдайды. Қан мен сүт жасайды. Бөрікгүл өттің тасын ерітеді, қанды тазалайды, тамырдың қатаюына пайдалы. Тердің иісін де кетіреді.
        Бір елге барған адамның алдымен біраз пияз жегені денсаулыққа жақсы. Пияз ағзаның микроптарға қарсы тұру күшін арттырады. Пияздан кейін балдыркөк жесе жаман иісті кетіреді. Андыз да иіс кетіреді делінген. Расулуллаһтың соңғы жеген тамағында пияз бар болатын. «Пияз бен сарымсақты пісіріп жеңдер» деген. Бұлардың иісінен періштелер мазасызданады. Тұрып зәр айдайды. Ас сіңіруді жеңілдетеді.
Яндекс.Метрика