tories/zodiak_oven1-300×225.jpg» width=»200″ height=»150″ alt=»zodiak_oven1-300×225″ style=»float: right;» />
2014 жылы Тоқты жұлдызындағылар ойға алған ісінің басым бөлігін жүзеге асыра алады. Жылдың екінші жартысы өте сәтті болғалы тұр. Қандай істі қолға алмаңыз орайы келе қалады, нәтижесі де керемет. Жылқы жылында белсенділігіңіз артып, өзіңізге деген сеніміңіз арта түседі. Екінші жарты жылдықтың тағы бір ерекшелігі көпшіліктің ортасында өзіңізді суда жүзген балықтай сезінесіз. Жұмысыңызда көптің назарында жүруді талап етеді және көптің бірі емес, бірегейі боласыз.Жүректерді жаулау, жарқырап көріну, құнды идеяларды жүзеге асыру мұның бәрі тек қана Сіздің қолыңыздан келеді. Ал, жылдың алғашқы жартысы күрделілеу, қаламасаңызда дау-жанжалдың ортасында жүресіз, егер тыныш өмір сүргіңіз келсе, ең алдымен тіліңізге ие болып, пікір білдірмеуге тырысыңыз, сонда уақытыңызды да үнемдейсіз, жүйкеңізді де.
tories/1701350.jpg» width=»200″ height=»150″ alt=»1701350″ style=»float: right;» />
2014 жылы Торпақтар өзінің тұрақсыздығының құрбанына айналып кетуі ғажап емес. Алғашқы жарты жылдық тынбайтын жұмыс, арлы-берлі нәтижесі аз жүгіріспен ерекшеленеді. Толып жатқан тірліктің бәріне үлгеремін деп Торпақтар бірнеше істі бірден бастап, оның кейбіреулері бітпей де қалады. Мұнан басқа алғашқы жарты жылдық жүйкеге аздап салмақ түсіреді,Торпақтардың сыншыл көзқарасынан айналада болып жатқан бірде-бір келеңсіздік қалыс қалмайды. Шындықты айтамын деп, қадыр-қасиетіне нұқсан келтіріп алатындар да табылады. Сондықтан да төзімділікті серік еткен жөн, әйтпесе, дұшпаныңызды арттырасыз.
Қыркүйектен бастап, абыр-сабырдың бәрі артта қалады, сәттілік атты кірпияз уысыңызға өзі келіп түседі.Бұған дейін бір істі тындыру үшін қыруар күш пен уақыт жұмсасаңыз, енді бар мәселеңіз өзінен-өзі шешіле бастайды.Ең қиын, күрделі деген жобаның өзі, сіз күткендегіден керемет нәтижесімен қуантады.
tories/bliznec.jpg» width=»200″ height=»150″ alt=»bliznec» style=»float: right;» />
2014 жыл – Егіздерге қоғамдағы жағдайын жақсартып, табысын еселеу және таныстарды арттыра түсу үшін өте қолайлы. Көпшіліктің алдында сүйкіміңіз арта түседі. Алғашқы жарты жылда солай, сіздің келісе кететін тамаша қасиетіңіз өзіңізге деген сенімділігіңізді арттыра түсуге септігін тигізеді, айналаңыздағылардың құрметі мен қолдауына ие боласыз.
Алғашқыда қандай жұмысты қолға алмаңыз, басқаларға арқа сүйемесеңіз бола қоймайды. Сіздер қаншалықты жалғыз жұмыс істеуге бейім болғандарыңызбен, бұл жолы одан қашу керек, мақсаты бір мүдделес адамдарды жаныңызға жиып, біріккен күшпен алға ұмтылыңыз.
Мұндай қолайлы сәттер қыркүйекке қарай өзгере бастайды, шаршағаныңыз сезіліп, көңіл күйіңіз бұзыла береді. Денсаулыққа салмақ салмау үшін демалғаныңыз жөн. Мұндай жағдай көпке созылмайды, қарашадан бастап күш-қуатыңыз тасып, өмірге деген құштарлығыңыз артады.
tories/rak2_590_315_jpg.jpg» width=»200″ height=»150″ alt=»rak2_590_315_jpg» style=»float: right;» />
2014 жылғы сәттілік көп жағдайда Шаяндардың өздеріне байланысты болады. Біреу келіп жарылқай қалады деп үміттенудің тіптен де жөні жоқ. Егер сізге не керек екенін білсеңіз, мақсатыңыз айқын және тынымсыз еңбекке дайын болсаңыз діттегеніңізге міндетті түрде жетесіз, ол үшін барлық мүмкіндік бар.
2014 жылдың бірінші жартысында өмірде қилы-қилы қарама-қайшылықтар ұшырасуы мүмкін, жақын адамдарыңызға сіздің үнемі жұмыста жүретініңіз ұнамайды немесе күтпеген жерден оянған құштарлық Шаяндарға өзінің міндетін дұрыс атқаруға кедергі жасайды.
Қалай болғанда да бұл жұлдыздағылар Үй мен Жұмыстың ортасын таңдау қиындығын бастан кешіреді. Осылай бола қалған жағдайда жеке өміріңіз бен отбасын таңдаңыз. Егер жақын адамдарыңызға көбірек көңіл бөлсеңіз, жан-дүниеңіздің тепе-теңдігін сақтап қаласыз, өз кезегімен жұмыста бірқалыпқа түседі. Қараша айында маңызды жұмыстарға қол ұрмаған жөн, күш-қуатты сарқа пайдаланған дұрыс емес. Жүктің бәрін жылдың соңғы айларына тастаңыз, орайы келіп бір жылда істей алмағандарыңыздың бәрін ретке келтіресіз.
tories/1272015314_xarakteristika_znaka_zodiaka_lev.jpg» width=»200″ height=»150″ alt=»1272015314_xarakteristika_znaka_zodiaka_lev» style=»float: right;» />
Арыстандардың асығы алшысынан түскелі тұр. Күш-қуатыңыз жеткілікті, не істесеңізде оңынан келе қалады, ендеше, белсенділікті пырақ етіп мінгеннен басқа ештемені керегі жоқ. Бәрінің орайы келе қалатын сонша кейде, қай жерде күш-жігер жұмсадым, қай жерде жолым болып кетті деп таңқалатын сәттеріңіз аз болмайды. Енді осы да маңызды көрініп кетті ме? Ең бастысы сіз бастаған жобалардың басым бөлігінің нәтижесі сіз күткендегіден де жоғары болады.
Бұл жылдың бірінші бөлігіне қатысты. Жетістігіңіздің кілті ынта-жігеріңізде, қолайлы сәттің көптігі сонша, бірнеше істі бірден қиындықсыз еңсеріп тастайсыз. Тіпті көп жылдан бері сарсаңға салған мәселелерді шешіп, жаһандық маңызы бар бірді-екілі жобаны жүзеге асыруға мүмкіндігіңіз жетеді. Тек ниет болса болғаны.
Шілдеге қарай шаршай бастайсыз, десе де жылдың қалған қарбаласын «қаңтарып» тастауға қуатыңыз жетеді. Бір бірағы сәттілік толқындары Арыстандарды отбасынан жыраққа алып кетуі мүмкін. Отбасы мен мансап арасындағы қайшылық күзге қарай тереңдей түседі. Осы кезеңде кейбір жұмыстарыңызға кедергі-кесірін келтіріп тұрса да, екіараны тең ұстауға тырысыңыз.
tories/1111ages.jpg» width=»200″ height=»150″ alt=»1111ages» style=»float: right;» />
Жыл бастала салып-ақ күтпеген жағдайлар, тосын сыйларға, жаңа мүмкіндіктерге куә боласыз. Көп жағдай сіздің пайдаңызға жұмыс істейді, өкініштісі алғырлықтың әлсіздігі, белсенділіктің кемшіндігінен көзді байлаған сәттіліктердің уысыңыздан қалай шығып кеткенін байқамай қалуыңыз мүмкін.
Қыркүйектің ортасынан бастап өзіңізді ұйымдастыру, тәртіпке қатысты қиыншылықтар туындай бастайды. Қойған мақсатыңызға жету үшін барлық күш-жігеріңізді біріктіре алмай қиналасыз. Сөйтесіз де жаңа идеяларға жармасып, жаңа жобалар бастағыңыз келіп құбыласыз, бола қалатындай көрінген жұмыстың нәтижесі төбе көрсетпей, бәрін орта белде тастай салғыңыз келеді.Егер сіздер жан-жаққа шашылмай, майда-шүйдеге назар аудармай күш-жігерді бір мақсатқа жұмсауды басты міндет етіп алсаңыздар, жетістікке міндетті түрде жетесіздер, бұл жыл сіздер үшін өте сәтті.
Жылқы жылы Бикештерде тағы бір таңдау болуы мүмкін. Ешқандай міндет-мақсат қоюдың керегі жоқ, жәй ғана сізге не ұнайды сонымен айналысыңыз, барды қанағат тұтыңыз. Әрине, керемет жетістікке қол жеткізесіз дей алмаймыз, бірақ өте көңілді, жеңіл өмір сүресіз, ой-көкжиегіңізді кеңейтесіз.
tories/veci2012-300×225.jpg» width=»200″ height=»150″ alt=»veci2012-300×225″ style=»float: right;» />
2014 жылы Таразы белгісіндегілерге өміріне өзгеріс енгізу үшін маңызды қадамдар жасаудың керегі шамалы. Жәймен жеке басыңыздың шаруаларымен айналыса беріңіз, сәттілік өзі іздеп тауып алады.Жылдың алғашқы жартысы қарама-қайшылығымен ерекшеленеді. Күш-қуат тасып тұр, ынта-жігер бар, неге өмірді өзгертіп жібермеске?!Солайы солай ғой, бірақ ол өзгерістер не береді, бұл туралы да ойлану керек. Үлкен мәселені кейінге қалдырған дұрыс. Оның орнына алға жылжу үшін бар күшіңізді салып шешендік, жаңашылдық қабілетіңізді жетілдіріңіз немесе қуатыңызды шығармашылыққа жұмсаңыз.
Ал, тамыздан бастап тосын сыйларға дайын болыңыз. Сіздің өміріңізде түбегейлі өзгерістер болады, жағымды, әрине. Екінші жартыжылдықта көптеген адамдармен танысасыз, тәжірибеңіз толыса түседі, жаңа іс үйренесіз. Бұрын көрмеген жерлерге барасыз, өзіңізге көптеген жаңалықтар ашасыз. Ішіңіз пысатындай уақыт болмайды.
tories/skorpi_2012.jpg» width=»200″ height=»150″ alt=»skorpi_2012″ style=»float: right;» />
2014 жыл алға ұмтылу, бәсекелестерді басып озу үшін барлық мүмкіндіктер болады. Әсіресе, жылдың алғашқы бөлігінде шамшылдығына қарамастан қайсар жандар жолындағы кездескен кез-келген қиындық пен кедергінің бәрінен лайықты өтеді.
Келісімпаздық пен көпшіл қасиеттері Сарышаяндарда ерекше пайдалы болады. Махаббатта қайталанбас әсер қалдырады, жұмыста таптырмас адамға айналып, керек адамдармен табыстырады.
Олар қарама-қарсы тағы бір қасиетімен ерекшеленеді. Оларды басқаны тыңдай алатын,әңгімесі жағымды тұлға деп жаңылысып қалмаңыз, бір сәтте даукес, сыншыл боп шыға келуі әбден мүмкін. Қарсылықтың қайбір пайдасы болсын. Сондықтан да бар күш-қуатты, батылдық пен табандылықты бәсекелестерге бағыттаған жөн-бұл жұмыста да, махаббатта да жеңіске жеткізеді. Ал, туыстарға келгенде сыныңыз бен мініңізді тарта-тарта айтыңыз.
Шілденің ортасынан бастап қарашаға дейін аздап мазасыздық байқалады. Қарашада қайтадан атқа қонасыз.
tories/strelec_590_315_jpg.jpg» width=»200″ height=»150″ alt=»strelec_590_315_jpg» style=»float: right;» />
2014 жыл Мергендер үшін сан қилы қызықтар, идеялар мен жағымды әсерлерге толы болмақ. Жылдың алғашқы жартысында оқиғалар мен адамдардың жылдам ауысатыны сонша шаршағаныңыз білінеді. Сіздің көпшілдігіңіз бен адамдарды жатырқамайтыныңыз таныстарыңызды бұрынғыдан да көбейте түседі, бірақ сіз керек кезінде қаталдық та көрсете аласыз. Мақсатқа ұмтылыс пен жеңіске деген жігер де табылады бойыңыздан. Бір адамның бойынан осыншалық қасиеттің табылуы сіздің бизнесте де, махаббатта да бәсіңіздің басым екенін көрсетеді.Мұнан басқа алдағы жылы сіз өмірге деген ерекше көзқарасыңыздың арқасында кез-келген іске креативті көзқарасыңызбен ерекшеленесіз. Тосыннан қабылдаған жаңашыл шешімдер басқаларға тұрпайы көрінгенімен оның нәтижесін көрсету сіздің ғана қолыңыздан келеді.Келер жылдың екінші жартысында онсыз да күш-қуаты тасып жүрген Мергендер жаңа шығармашылық шабытпен толыса түскенін сезеді. Солай бола тұра бұл кезең тынымсыз алға ұмтылуға қолайлы емес, ақылмен жасалған сенімді қадам әлдеқайда нәтижелі болмақ.
tories/24240.gif» width=»200″ height=»150″ alt=»24240″ style=»float: right;» />
Тауешкі жұлдызында дүниеге келген жандар үшін Жылқы жыл өте жайлы болмақ. Жан-дүниедегі тыныштық пен айналаға деген жағымды, жарқын көзқарас,орташа деңгейдегі белсенділік бәрі-бәрі үйлесім тауып өмірге деген құштарлығыңызды арттыра түседі. Қолыңыздан көп нәрсенің келетініне көз жеткізесіз. Жылдың алғашқы алты айында өміріңізге күрт өзгеріс енгізуге талаптанбаңыз, әбден тәжірибеден өткен жолдармен жүру тиімдірек.Махаббат па, саяхат па, жұмыс немесе бәсекелестік пе, барлық салада тек қана тиімділігін көрсеткен әдіс-тәсілдерді пайдаланыңыз.
Ал, жаз ортасынан ауа жағдайдың бәрі қарама-қарсы жаққа күрт өзгереді. Шығармашылық әлеуетіңіз биік асуды бағындыруға әбден жетеді. Егер жаңашыл әдістер мен ұстанымда болсаңыз бірден оқ бойы озып шығуға бар мүмкіндігіңіз бар.
Қорыта айтқанда Жылқы жылында Тауешкі жұлдызындағылар өзіне қандай да бір міндет алмасын, қандай мақсат қоймасын басымын нәтижелі жүзеге асырады. Тек қана желтоқсан айында маңызды істерді жоспарлаудың керегі шамалы: жылдың соңғы айында жақсылап демалған абзал.
tories/veci2012-300×225.jpg» width=»200″ height=»150″ alt=»veci2012-300×225″ style=»float: right;» />
2014 жылы айтарлықтай өзгерістер бола қоймайды. Мұның өзі жақсы. Тұрақсыздық, күтпеген тосын жәйттардың барлық уақытта адамға жағымды әсер ете бермейтіні белгілі ғой. Оның қасында асығып-аптықпай, бірқалыпты өмір кешкеннің өзі олжа.
Алғашқы алты айда әсіресе, өздеріңіздің ықыласыңыз бен ниет-тілегіңізге көбірек назар аударыңыз. Сіз нені қалайсыз, әрекетіңіз қандай, нені ұмытып жүрсіз, неге қолыңыз бармайды? Майда-шүйде, болмашыға көбірек көңіл бөліп, бас қатырып жүрген жоқсыз ба? Басқаның болар болмас жарамсақтығының өзі Суқұйғыш жұлдызындағыларды тура жолынан тайдырып, үлкен келеңсіздік тудыруы мүмкін. Осы сізге керек пе?
Мұның жақсы жақтары да бар. Тірлігі тиянақты Суқұйғыштар қандай істі қолға алмасын тап-тұйнақтай етіп орындайтындықтан, қателіктер жібермейді.
Екінші жарты жылдықта олар сәл-пәл босаңсиды, бірақ туралық пен нақтылыққа деген ұмтылыстары басыла қоймайды. Өмірдің барлық саласында — жұмыста, шығармашылықта, махаббатта оған велосипед ойлап тапқаннан дайын жүйе, сүрлеумен жүре берген оңайлау. Қарсыласудың керегі жоқ. Таптаурын жол Суқұйғыштар үшін сиқырлы таяқтың тап өзі, жетістікке жетудің кілті.
tories/38960332.jpg» width=»200″ height=»150″ alt=»38960332″ style=»float: right;» />
2014 жылы Балықтардың өзіне деген сенімділігі айналасындағылардан ерекшелендіріп тұрады. Қандай қасиеттеріңізге басымдық беру керек дейсіз бе? Табандылық, көпшілдік, ұйымдастырушылық қабілетіңізге. Бұл қасиеттердің арқасында сіз жыл бойында көптің қолдауына ие боласыз және діттегеніңізге жетесіз.
Мақсатыңызға жетуге кедергі келтіретін бір-ақ нәрсе бар, ол мақсат-мүддеңіздің жан-жақтылығы мен тым көптігі. Білуге деген құштарлығыңыз бен қуатыңыз сізді жаңалық іздеп, үнемі оқиғаның ортасында жүруге итермелейді. Оның да пайдасы бар таныс-білістік арта түседі, бірақ негізгі мақсатыңыздан жиі-жиі қол үзіп қаласыз, ойланыңыз, қайсысы маңызды?
Жылдың екінші жартысында жұмыстың бәрін жиып тастап, күнделікті күйбең тірліктің қамымен шаруашылық пен тұрмыстан бас ала қалмай қалғаныңызды байқайсыз.
Ғаламат қуатын дұрыс пайдалану үшін Балықтарға не істеу керек? Жұлдыздар майда-шүйдеге уақыт бөліп бас ауырта бермей, күш-жігер, білім, көңілдің бәрін негізгі мақсатқа жұмылдырған дұрыс деп кеңес береді. Мынау есіңізде болсын, Жылқы жылы сізге керемет мүмкіндіктер ұсынып отыр, сізден талап етілетіні бар болғаны мақсатыңызға жету үшін аздап қана табандылық таныту керек. Көңіліңіз басқаға ауып кетпесін.
Leave a Reply