Әйел энергиясы тыныштықта толысады

tom: 7.5pt;»>tories/01/photo.png» width=»314″ height=»197″ />Әйел энергиясы тыныштықта толысып, күшейеді, ал еркектердікі – қозғалыста.
Заманауи өмір ағымы әйелдерді әрдайым қозғалыста болуға итермелейді: таңертең
жұмысқа асығады, жұмыста құжаттармен әрлі-берлі жүгіреді, тіпті үйге келгенде
де тезірек тамақ жасауға асығады. Күні бойы осындай қозғалыста жүріп, қалайша
энергиясын арттырмақ?

tom: 9pt;»>Әйел энергиясы тек тыныштықта толысады. Және әйел адамның басты мақсаты – ырғақты тіршілікке, байсалды өмір салтына үйрену. Міндеттеріңіздің жартысын жолдасыңызға, әріптесіңізге, басқа біреуге бөліп беруге тырысыңыз, арқаңызға бірнеше жұмысты арта бермеңіз.

tom: 9pt;»>Күнде жай тыныш жатуға, демалуға, толысуға отыз минутыңызды арнаңыз. Эфир майларымен ванна қабылдасаңыз болады, тыныштандыратын музыка тыңдап, массаж алсаңыз болады. Бірақ бұл энергия арта түссін десеңіз, күнделікті жасап тұруыңыз қажет. Бұл
сіздің күнделікті салтыңызға айналсын.

tom: 9pt;»>Өміріңіздің ырғағын бәсендетіңіз, жүгіріп, әбігерге түсуді қойыңыз. Әрбір сөзіңіздің,
ісіңіздің, қимылыңыздың зердесіне жетіп, ойланып, баяу сөйлеуге тырысыңыз. Таңертең оятқыш шырылдай салысымен атып тұрмаңыз, жаңа күннің энергиясына бейімделе асықпай тұрыңыз. Егер күні бойы қайта жүгіріп жүргеніңізді байқасаңыз, қимыл-қозғалысыңызды бәсеңдетіп, терең демалып, жайлылық пен жеңілдікті қайта қалпына келтіріңіз.

tom: 9pt;»>Біртіндеп бойыңыздан шығатын әйел энергиясы өміріңіздің барлық саласын қаптып, күшейіп, тарала бастайды. Бұл сіздің сұлулығыңызды екі еселендіріп, ағзаңызды жасартып, жан-дүниеңізді тыныштыққа бөлейді.

tom: 9pt;» align=»right»>Сурет: zoj.kz

Дайындаған:Анар Мұстафина

massaget.kz

{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика