2022-12-10

Алматыны «қала-бақ» деп атайды

Spread the love

Аtories/01/11111111111111111111.jpg» width=»235″ height=»147″ />сқақ Тянь-Шань тауы жотасының көкжасыл бауырайынан орын тепкен қаланы «қала-бақ» деп атайды. Қала маңының табиғаты да әсем: мен мұңдалаған, алып тау шыңдары, асау өзендер, түрлі жұмбақ үңгірлер, бірегей реликті шоқ тоғайлар, бәрі де қаладан бірнеше шақырымда ғана жатыр.Бұл жер тарихта Жетісу – «жеті өзен елі» атымен белгілі, еліміздің ең бай және көрікті аумақтарының бірі.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Алматы туризмінің ерекшелігі, саяхатшы бір күннің ішінде бес климаттық аймақтың куәсі бола алады – ыстық шөлді жерден бастап, мәңгілік қарға дейінгі жолдан өтеді. Бұл өлкенің көрікті табиғат кешені туризмнің түр-түрінің гүлденуіне мүмкіндік жасайды.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Алматы Қазақстанның табиғаты сұлу тау қойнауында, Орта Азияның климаттық жағдайы ең қолайлы жерлерінің бірінде орналасқан. Тап-таза мөлдір тау суы қалаға, жасыл желектерге нәр беріп, ауаны тазартады.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Мұнда тамашалап көретін, Хан Тәңірі шыңы мен Шымбұлақтың қар басқан жолдарынан Ұлы Жібек жолы, Әнші құмдар маршруттарына дейінгі, бірегей жерлер өте көптеп кездеседі.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Қала Евразия құрылығының дәл ортасында, Қазақстанның оңтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 700 ден 1100 м биіктіктегі, Тянь-Шань тауының етегінде орналасқан. Оның үстінен, биіктігі жағынан Қазбек, Монблан шыңдарынан кем түспейтін, Талғар (5017м), Нұрсултан (4376м), Үлкен Алматы (3684м) шыңдары мен мұңдалап алыстан көрінеді.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Алматының климаты шұғыл континентальды, жыл бойы ғана емес, тәулік бойы да температураның ауытқып отыруы жиі байқалады. Халқының саны — 1 млн. 500 мың, жер көлемі — 350 кв.м, экономикалық белсенді халқының саны — 763 мың адам.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Алматы көк желекпен көмкерілген. Оның 10 000 гектар аумағын саябақтар мен шоқ тоғайлар, гүл бағзалар және бақшалар алады. Орталық көшелері мен даңғылдары, арықтар мен фонтандары ерекше үйлесімді.Төмен қарай жарыса ағып жатқан, үш тау өзендері – Есентай, Үлкен және Кіші Алматы жоғарыдан төменге, оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатыр.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Қала кешке және түнде, қараңғылық пен түрлі түсті жарқ-жұрқ еткен сары, ақ, қызғылт моншақ-шамдар ұшқындары шағылып, таңғаларлық сұлу кейіпке енеді. Витриналар, кафе, мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарының оттары таң атқанша сөнбейді.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Алматы – Іле Алатауы баурайында алқызыл гүлге бөленген, Орта Азияның ең әсем қалаларының бірі ретінде мойындалған. Алматылықтар өз қаласының әлемдегі ең сұлу қала екендігін мақтан етеді.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»center»>Алматы облысы

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»center»>Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>alttories/2222222222222222222.jpg» width=»277″ height=»163″ />«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі ҚР Үкіметінің 2007 жыл 7-ақпандағы №88 қаулысымен құрылды. Ұлттық парк аумағы біркелкі массивтен құрылған, Алматы облысы Талғар және Райымбек аудандарының әкімшілік аумағында орналасқан.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Солтүстіктен оңтүстікке 23 шақырымға, батыстан шығысқа 98 шақырымға созылып жатыр. Парк аумағы 161045 га.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Мекеменің негізгі міндеттері:

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Мемлекеттік табиғи парк қорының биологиялық сан алуандығын, ерекше экологиялық, рекреациялық және ғылыми құндылығы бар бірегей табиғи және тарихи мәдени кешендері мен обьектілерін сақтау, ғылыми зерттеулер мен бақылауды ұйымдастыруды жүргізу. Экологиялық ағарту жұмыстарын, реттелмелі туризмді ұйымдастыру және жүргізу;

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>— мемлекеттік табиғи-қорық қорын қорғау;

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>-ғылыми зерттеулермен бақылау;

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>-«Табиғат жылнамасын» жүргізу;

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>-табиғат құбылыстарымен табиғат кешендерінің жағдайына мониторинг жүргізу;

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>-экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу;

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>-экологиялық экскурсиялық және танымдық туризмді дамыту;

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>— жануарлар санын алу және санын реттеу;

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>— жануарлар мен құстардың өсіп өнуіне, еркін жүруіне ықпал ету.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Ұлттық парктің табиғат жағдайы:

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Парк аумағында теңіз деңгейінен 1800 -3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар, керемет өзендері мен көлдері, қырлы ландшафтары кездеседі. Әлі де болса, адамданың аяғы тимеген, шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген, ерекше табиғи орта кездеседі. Олардың ішінде аса құнды табиғи колоритімен тартатын Көлсай, Қайыңды, Саты, Күрметі, Құдырғы, Кіші өрікті, Үлкен өрікті, т.б. барлығы үлкенді-кішілі 20дай өзен, Солтүстік Тянь-Шань тауының Күнгей Алатау сілемдеріндегі Шелек өзеніне құяды.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>«Солтүстік Тянь-Шань маржандары» атанған Күнгей Алатауы қойнауында Көлсай, Қайыңды көлдері орналасқан. Бұл көлдердің пайда болу тарихы шамамен 1887-1911-1919-жылдары. Көлдер тектоникалық жағдайлардың әсерінен пайда болған.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан:

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>-Жоғарғы-үшінші көл теңіз деңгейінен 2650 метр жоғары, ұзындығы 580 метр, ені 190 метр, аумағы 180 шаршы метр болса, тереңдігі 24 метр.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>-Ортаңғы көл теңіз деңгейінен 2280 метр биіктікте орналасқан, ұзындығы 1180 метр, орташа ені 298 метр, аумағы 343 шаршы метр, тереңдігі 27-30 метр.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>-Төменгі-бірінші көл теңіз деңгейінен 1800 метр биіктікте жатыр, ұзындығы 1520 метр, орташа ені 222 метр, аумағы 30 гектар, тереңдігі 72-75 метр болады.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Көрші сайда ертегіге ұқсас, айнадай жарқырап Қайыңды көлі жатыр, ол теңіз деңгейінен 1867 метр биіктікте. 1919-жылы жер сілкінісінің әсерінен ағып түскен тау жыныстары өзенді бөгеу салдарынан қарағайлы сай су астында қалып өзінше бір әсерлі көрініс беріп тұр.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>«Көлсай көлдері» МҰТП өсімдіктер әлемі бойынша, биологиялық көп түрлілігімен ерекшелінеді, мұнда 704 түрден астам өсімдіктер кездеседі.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Эмдемиктер тобына 29 түрлі өсімдік кіреді. Оның ішінде ҚР «Қызыл кітабына» енген 20 шақты түрі кездеседі, олар Қаршыл шүйгін шөп, Ярмоленко қызыл қайыңы, Альберт құртқа шашы, Пістем жуасы, Заравшан аршасы, Қатпарлы шұбар шөп, Алматы кекіресі, Витрок рауғашы, Алатау бәйшешегі, Шолпаншаш сүмбілі, Адонис, Тянь-Шань адонисі,Кауфман ирекжапырағы, т.б.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Сонымен қатар жеміс беретін жабайы өсімдіктерге бай, олар: шетен, бөріқарақат, құлпынай, қара барбарис, долана, шырғанақ, итмұрын, қой бүлдірген, құлпынай, таңғурай және дәрілік өсімдіктер: шәйқурай, жұпаргүл, киікоты, уғарғасын, чабрец, жалбыз, мыңжапырақ, семізот, андыз, қара-андыз, тамыры тәтті мия, алтынтамыр, қылша, тамырдәрі, усасыр (папоротник), мақсыр маралтамыры т.б. Күрделі гүлдердің 32 түрі (7%), бозшөптер 25 түрі(9,2%), шытыргүлдер 17 түрі (6,1), шатыргүлдер 15 түрі (5,5%), бұршақтылар 13түрі (4,8), ерінтүстестер 13 түрі (4,8) құрайды.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Парктің көркі Тянь-Шань шыршасы.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Тянь-Шань шыршалары жайлы, алғашқы жазбалар өткен ғасырдың 1-жартысында белгілі болды. 1840 жылы бұл шыршаларды А.Шренко Жоңғар Алатауынан тапқан, соның құрметіне шыршаны Шренка деп те атайды. Тянь-Шаньға алғаш келген географ П.П. Семенов-Тянь-Шанский еді сондықтанда болар қазақтың қызқарағайының Тянь-Шань аталуы.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Тянь-Шань қарағайы, басқа қарағайларға қарағанда бойшаң, желегі цилиндр тектес, желбір көйлек киген қызға ұқсас болғандықтан халқымыз Қызқарағай деп те атайды.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Жер бетінде 40-қа жуық шырша өссе соның бәрі Солтүстік жарты шарда өседі екен. Соның ішіндегі көне дәуірден келе жатқаны таулы жердің қарағайлары екенін бүгінде ғалымдар дәлелдеп отыр.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Діңінің түзулігі, бұтағының жіңішкелігімен Тянь-Шань қарағайы таптырмайтын құрылыстық тауар. Қарағай діңін халық шаруашылығына қолданады және музыкалық (домбыра, скрипка, альт және контрабас) аспаптарын жасайды, мебель және қағаз өндірісіне пайдаланады.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Топырақ қабатын қорғаумен қатар топырақ қабатын ылғалдандыру қабілеті де жоғары.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Қазақтың қызқарағайы бес жүз жыл жасайтындықтан тауымызға әсем көрік беріп тұр.Үш жылда бір мәрте тұқым береді. Тұқымынан мәдени жолмен орман питомнигінде көшет өсіріліп 3-4 жылдығында орманды молықтыру үшін тау беткейлеріде алдын ала жер дайындап,отырғызылады.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Мәдени жолмен өсірілген көшеттер бойы 0,5-5,0 метр болғанда ауыл, қала орталықтарын көгалдандыру үшін қыс айларында топырақ тоңазыған кезде тамырын топырағымен қазып алынып көшіріледі.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Әр өсімдіктің өсу физиологиясы әртүрлі болғандықтан, мамыр айынан қар жауғанға дейін тау беткейі кілем төсеп қойғандай, құлпырып тұрады.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Шың басында өсетін аты әлемге әйгілі Еңлік гүл (Эдельвейс Федченко) Тянь-Шань және Жоңғар Алатауларында теңіз деңгейінен 1800-2000 метр биіктікте өседі. Қазақ жерінде оның екі түрі бар. Латынша атауы грек сөзінен аударғанда «леон» (арыстан) «поду» (аяқ) деген сөздерді құрайды. Орысша Эдельвейс аталуы неміс сөзінен «эдель» (мәртебелі) «вайс» (ақүлпек) деген мағына береді.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Бұл гүл Европа аймағында Альпі және Карпат тауларының шыңдарында өсетіндіктен, әркімнің қолы жете бермегендіктен осылай аталса керек. Осы елдер соның ішінде Австрия және Швейцария рыцарлары Еңлік гүлін бақыт және махаббат символы санап, сүйіктілеріне жанкештілікпен шыңға шығып, құз-жартастың басынан алып келіп сыйға тартқан екен деген аңыздар бар.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Еңлік гүлі маусым-шілде айларында гүлдеп, шілде –тамыз айларында жеміс береді. Жемісі желдің әсерімен жан-жаққа таралады, көпжылдық өсімдік, күрделі гүлдер семьясына жатады. Кептірілген Еңлік гүлі көп жылға сақталады және өңін жоғалтпайды. Алғаш көрген адам таңқалатыны рас. Константин Паустовскийдің өзі таңқалып отырып: «Бұл өсімдікті гүл деп айту қиын, мойнына ақ үлпек оранып, мұздың суығынан қорғанған кішкентай жұлдыз дерсің»— деген екен.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Сирек кездесетін, жоғалып бара жатқан, жеке типті туыстық дерлік эндемик түрдің бірі Кауфман ирекжапырағы (jkonnikowia kaufmfnnifna).

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Үштік дәуірдің шөлдік өсімдіктерінің қалдығы болып есептеледі. Солтүстік Тянь -Шань тауларында (Іле, Күнгей алатауы мен Кетпентау) кездеседі. Қазақстаннан тыс Батыс Қытайда (Іле өзені) таралған.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Популяциялары әдетте оқшау, саны аз. Керемет сәндік-гүлдік өсімдік. Құрғақ тасты жерлерді көгалдандыру үшін қолайлы, тұқымы арқылы көбейеді. Гүлдеуі ұзақ, сәндігін құрғақ күйінде де сақтайды.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Бұл гүлдерді «Көлсай көлдері» МҰТП өңірінде Талды сайынан 30-орамнан 2009-жыл 20-тамызда қорық және ботаника институты қызметкерлері тапқан. Ендігі уақытта парк аумағының басқа да жерлерінде өсу ортасын анықталуда.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>«Көлсай көлдері» МҰТП мемлекеттік мекемесі аумағы ақ-құстарға және қос мекенділермен омыртқасыз жәндіктерге аса бай. Атап айтқанда, сүт қоректілерден 19 түрі бар, мысалы: Тянь-Шань арқары, Тянь-Шань қоңыр аюы, мәртебелі бұғы, қабан, қар барысы, түркістан сілеусіні, қасқыр т.б.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Бұл аумақта омыртқалы жануарлардың 226-дай түрі немесе Қазақстан бойынша жануарлар дүниесінің 22% мекен етеді. Осылардың ішінен Қазақстанның Қызыл кітабына сүтқоректілердің 6 түрі және құстардың 13 түрі енгізілген. Бұл Қызыл кітапқа енген аң-құстың 17% құрайды.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Сүт қоректілердің 29, құстардың 197 түрі (орманды мекен ететін ұялайтын 82 түрі), бауырымен жорғалаушылардың 2 түрі, қос мекенділердің 2 түрі бар. Сүт қоректілер ретінде кеміргіштер, қол қанаттылар, аша тұяқтылар көрсетілген. Ихтиофауналар екі түрде көрсетілген. Энтомофаундарға 735 насекомдар түрі кіреді.Ұлттық парк аумағында көшуші құстардың 33 түрі кездеседі. Мысалы: бүркіт, қара дегелек, барылдауық үйрек, үлкен крохаль, қаршыға, қырғи, бақалтақ қыран, сақалды қыран, құмай, тау маңғысы, бұлыңғыр балшықшы, құлақты жапалақ және т.б.

tom: 5pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Ғылыми ізестіру жұмыстары жалғастырылуда.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»center»>«Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>                                                   Табиғи alttories/01/333333333333333.png» width=»232″ height=»144″ />парк Жетысу Алатауы солтүстік жотасының макро етегіне қарай орналасқан. Парктің жалпы ауданы 356022 га.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>«Жоңғар Алатауы» МҰТП-нің құрамына Лепсі, Алакөл және Сарқан филиалдары кіреді. Табиғатты 140 орманшы-инспекторлары үзіліссіз бақылайды.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>«Жоңғар Алатауы» МҰТП таулы аймақтардың экологиялық, тарихи және эстетикалық ерекше бағалы табиғи қалпын сақтап қалу мақсатында құрылды.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Бұл жерде 2168 түрге, 622 текке, 112 тұқымға кіретін Жетысу Алатауында өсетін 75 пайыз түрлі өсімдіктер, эндемик болып табылатын тек қана Жетысу Алатауына тән және басқа ешбір жерде кездеспейтін 76 түрлі өсімдік анықталған.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлар:

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Өсімдіктің белгіленген 12 түрі – ақшыл секпілгүл, Тянь-шань жанаргүлі, Алтай гимноспермиумі, Семенов айдаршөбі, Сиверс алмасы, Құсмұрын таспасы, Жоңғар шерменгүлі, Жоңғар көкгүлі, киікшөп, бөденешөп, қызылтіл зиягүл, қатпарлы шұбаршөп, мақсыр марал тамыры.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Суда және құрлықта өсетін 2 түрі – қызылаяқ бақа, Даната құрбақасы.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>6 түрге жуық ұя салатын құстар – қара дегелек, бақалтақ қыран, бүркіт, сақалтай, ителгі, үкі.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Сүтқоректілердің 6 түрі – Тянь-шань қоныр аюы, тас сусары, Түркістан сілеусіні, барыс, Тянь-шань арқары, сабаншы.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Ұлттық паркте археологиялық тарихи және мәдени ескерткіштер бар: Қаракерей Қабанбай батырдың ескерткіші, Жетысудың ежелгі көшпелі мәдениетіне жататын қабірлер, қорғандар, тасқа қашалған бейнелер. Орыс қала құрылысын жоспарлаудың ерекшеліктерін алған Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы кезеңіндегі архитектуралық ескерткіштер.

tom: 5pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Жақсы сақталған табиғи қорықтардың бай және сан-алуандығы, аумақтың теңдессіз табиғи жағдайы – қолайлы климаты және таулы ландшафтың елеулі эстетикалық тартылымдылығы – альпенизм, рафтинг, экологиялық және этнографиялық турлар, әртүрлі топтармен, келушілермен экскурсия жүргізу туризмнің дамуына жағдай жасайды.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»center»>«ІЛЕ-АЛАТАУ» мемлекеттік ұлттық, табиғи паркі

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>                             tories/44444444444444444.jpg» width=»226″ height=»152″ />                       Күмістей жарқыраған қарлы шыңдары, жайқалған көк майса шабындығы, баурайлап аққан мөлдір өзендері мен асқар биік таулары, жұмсақ ауа райы — ертеде «жаратушының шапағаты тиген» деп қабылданған жұмак жер. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттык табиғи napкі — Қазақстан Республикасындағы ең ipi шаһар және оңтүстік астана — Алматы қаласына жақын орналаскан.

Парк Солтүстік Тянь Шань физика-географиялық провинциясының құрамына кipeтін , Іле Алатауы жотасының, солтүстік беткейінде орналасқан және 199,702 гектардай жерді алып жатыр. Аумаққа түрлі ландшафтты, тік зоналық. ре­льеф тән. Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өзінің қайталанбас көркемдігімен, мәңгі мұз басқан шыңдары, биік таулары, көк-жасыл ормандары,Альпі шалғындарымен ерекшеленеді.Ұшы-қиыры жоқ күнге шомылған далалы алқап тау етегін әсемдей түседі. Биік таулы белдеу теңіз деңгейінен 3000 метрден аса биіктікте жатыр. Жота баурайла-рын мұздықтар, созылған мореналар мен алқаптар алған. Мұздықтар белдеуінен төмен таусыншақты кардың, трогалық алқаптардың сатылары және де мәнгі тоңның, «қатпар әйнектері» айқын көрінеді

Орташа тау бедері теңіз деңгейінен 1700 м-ден 3000 м-ге дейін биіктікте . Оның тар аңғарлары созылған шатқалдар мен құламалы баурайлармен айнала қоршалған. Бедері опырылу мен тастың құлауын, топырақ шөгіндісін туғызатын, өте қарқынды желмен мүжілумен ерекшеленеді. Су айырықтарының бедерлері біршама тeгic келеді.

Аласа тау ландшафты — 1100-1700 м биіктік ауқымында. Бұл кең,біртегіс су айырықтары бар телімдер. Негізінен аумақ жер сілкінісі мен селдің әсерінен жаңа таудың пайда болуына бейім, қар көшкіндерінің түсу ықтималдығы да басым. Ауа райы — кеш көктем-жазғы, жауын-шашыны мол, қоңыржай жылы.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Абсолюттік биіктіктің өcyiнe қарай тем­пература едәуір тұрақты төмендейді және күн радиациясы қарқыны артады, жылдық және мезгілдік атмосфералық жауын-шашын көбейеді. Күн шапағының, ұзақтығы жылына 2000 сағаттан асады.

Төменгі тау аймағындағы жаз ұзак және ыстық. Жоғарылаған сайын жаз қысқа және салқын.

Жауын-шашынның түсу мөлшері биіктеген сайын көбейеді. Парк аумағында көлемдері әртүрлі көлдер көп. Шығу тегіне қарай олар мұздық мореналык, мореналык,бөген және опырылу-тектоникалық,болып бөлінеді.Ipілepiнe опырылу-тектоникалық; кұбылыстан пайда болған– Eciк және ҮлкенАлматы көлдері жатады.

Табиғи парк аумағында республикалық маңыздылығы бар 15 табиғат ескерткіштері бар. Олардың арасынан ең тартымдысы — Шын түрген мүкті шырша орманын атап кеткен жөн. Туризм тарапынан қарағанда тартымды басқа нысандар жетерліктей, оларға термалдық көздер, тас глетчерлер, бірегей тау көлдері, кұлама сулар, мұздык формалар.

Парктің тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің, арасында археологиялық объектілер петроглифтер, ғибадат жасайтын нысандар жиі кездеседі.

Экологиялық туризмнің ландшафттан басқа нeгізін аса бай жануар және өсімдік әлемі құрайды. Парк аумағында 1500 –ден астам жануарлар тypi бар. Мұнда ХТҚҚ Қызыл Кітабына енгізілген барыс, және Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген жануарлар: Тянь-Шань қоңыр аюы, түркістандық cілеусін , тас сусар, жайра мекендейді. Марал, елік, қабан, ciбip тау текесі, борсық және басқалары ең көп таралған аймақ.

Қорғалатын аумақта бауырымен жорғалаушылардың ceгіз түpi, қосмекенділердің төрт тypi, балықтардың 4 түpi, 200 түрлі құстар мекендейді, олардың 11 Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына және Халықаралық Қызыл Кітапқа жазылған: бүркіт, сақалтай, ителгі , шахин, құмай, үкі, тырбық , көк құс, қара дегелек, орақтұмсық.

Ұлттық парк аумағында шамамен 1000 түрлі жоғары сатылы өсімдіктер өседі. Олардың ара­сында пайдалы қасиеті бар көптеген дәрілік , балды, әсемдік өсімдіктер түрлері бар. Мұнда сондай-ақ өте сирек кездесетін бірегей есімдіктер де баршылық: таралу аймағы Іле-Алатау аумағында ғана шектелген таусыншақ, жергілікті Мушкетов түйе сіңірі, Островский қызғалдағы, Кауфман иконниковия, Семенов айдаршасы және басқалары.

Оңтүстік және оңтүстік — батыс баурайының тау етегінде және төменгі бөлігінде далалық өсімдік , ал солтүстік баурайында бұталы өсімдіктер кең таралған. Орта таудағы ауа райы орманды-бұталы — шалғынды белдеуде қылқан жапырақты, жапырақты ормандар, бұталар мен әр түрлі шөптердің таралуына колайлы. Бұл аймақ бүгінде қорғауды қажет ететін, жабайы жемісті тоғайлар, оның ішінде Сиверс алмасы, Недзвецкии алмасы, жабайы өрік ағаштарының өcyiнe қолайлы. Солтүстік Тянь Шанның жергілікті түpi Шренк шыршасы 1500 м-ден 3000 м-ге дейін аралықтағы биіктікте кездеседі. Одан жоғары альпілік шалғындар мен шатқалды мұздық белдеу басталады.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»center»>Талдықорған

                                                          Талдықорғtories/01/55555555555555555.jpg» width=»228″ height=»161″ />анАлматы облысының орталығы. Тұрғындар саны 129,6 мың адамды құрайды. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында Жетісу Алатауының батыс жағында орналасқан. Орталық Азия, Ресей мемлекеттеріне шығуға мүмкіндік беретін әуежай, теміржол станциясы бар. Жалпы мемлекеттік және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары тораптарының жүйесі арқасында қала Қазақстанның басқа да қалаларымен, Орталық Азиямен, Ресеймен және Қытаймен байланысып жатыр.

Білім, мәдениет, туризм орталығы және халықаралық, өңіраралық өндірістік-қызмет көрсету орталығы ретінде аса тартымды қала. Қалада 4 жоғарғы оқу орны, 12 орта кәсіби білім мекемелері, 25 жалпы білім беру мекемелері жұмыс жасайды. Сондай-ақ,драма театр, филармония, мұражайлар, мәдениет және демалыс парктері, кітапханалар мен кинотеатрлар, стадиондар, спорт кешені, аквапарк және ипподром бар.

Қаланың құрылыс индустриясын дамыту, балаларға арналған тағамдар, электр сорғылары, сүт өнімін, керамика-граниттан жасалған плиталар, жұмыртқа және құс етін өндіру әлеуеті бар.

                   Жиһангезге жолсерік болған kit.gov сайты, ықшамдалып-өңделді.

«Қызмет» ақпарат

{jcomments on}

Яндекс.Метрика