БІЛІМНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

       Бірде хазіреті Алиге он шақты яһуди келіп, бір сұрақ берейік, егер ол шын саңлақ болса, он түрлі жауап тауып сөйлер деген. Сонымен күндердің күнінде жаңағылар хазіреті Алиге: 
       – Ғылым артық па, әлде мал артық па? — деп оқыстан сұрақ қойыпты. 
       Сол мезетте Али: 
       — бірінші, ғылым артық. Өйткені ғылым – пайғамбарлардан қалған мирас, ал мал – перғауын мен Қарынбайдың мирасы. 
       — екінші, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың. 
       — үшінші, ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп. 
       — төртінші, ғылымды жұмсасаң арта береді, малды жұмсасаң азая береді.
       — бесінші, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атақ қалдырады. 
       — алтыншы, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағу күту керек. 
       — жетінші, ғылым қиямет күні иесіне шапағатын жасайды, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. 
       — сегізінші, ғылым тозбайды, жоғалмай-ды. Мал болса, қолдың кірі, өледі жоғалады. 
       — тоғызыншы, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола түссе екен деп дүниеқоңыз етеді. 
       — оныншы, ғылым Аллаһқа зекет, тауһид, ғибадат қылады, ал мал иесінің көңіліне тәкәппарлық салады — деп, тапқырлық танытыпты. 
  • Related Posts

    ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ

    Қазіргі таңда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері осылай деп еске салады. Бұл…

    Қалалықтардың құқықтық сауаттылығын көтеру жолы талқыланды

    Шымкенттегі  А.С.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында «Адам саудасы және оның алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Мақсаты — адам саудасының алдын алу, аталған қылмысқа қарсы күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика