2022-08-17

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ

ТОҚТЫ
21.03-20.04

Бұл аптада көңілді алдайтын, бір қарағанда көңілдегідей көрінетін ұсыныстар мен оқиғалар аз болмайды. Қайда барсаңызда жолыңыз бола қалатындай болып тұрады, қиялдың жетегінде кетпеңіз, алдыңызға қойған мақсаттан мүлдем бұра тартып «адасуыңыз» әбден мүмкін, Мынау есіңізде болсын көп жағдайда өзін бәрінен жақсы білем деп есептейтін адамдар көп алдайды.Өзіңізге деген сенімділік бұл жолы қауіпті болғалы тұр, отбасы, жеке шаруаңыз, жұмыс, бизнесте болсын алаяқтардың құрығына түсіп қалуыңыз мүмкін.

ТОРПАҚ
21.04-20.05

Өміріңізде болып жатқан өзгерістер өзімен бірге бірқатар қиындықтар мен сынақтарды ала келеді. Ерік-жігеріңіздің мықтылығын танытып, табандылық көрсететін болсаңыз, көптеген жетістікке жетесіз.Бұл аптада көптеген жаңалықтар орын алады, өзіңіз бен айналаңыздағы адамдарға қатысты. Бәрі бірдей жағымды болады десеңіз жаңылысасыз, жағымсызы да бар, бұл- өмір. Діттегеніңізге жетемін десеңіз, Тағдырдың жазғанын дұрыс пайдалана біліңіз.

ЕГІЗДЕР
21.05-20.06

Не болса да, бәрін жақсылыққа жорыңыз. Бұл жолы сіз басымдық беретін бағыттарыңызды дұрыс таңдап, айқындап аласыз.Ойыңызда жүрген жоспарлар жүзеге асып, орындалуы және дамуы үшін уақыт керек. Әр нәрсе-өз уақытында. Асықпаңыз, бұл аптада көп іс тындырып тастаудың қажеті шамалы, аз ғана шаруа тындырғаныңызға қарамастан болашақта жоспарлаған мақсат-мұратыңызға жетіп, ниетіңіздің орындалатынына толықтай сенімді боласыз. Керемет емес пе?

ШАЯН
21.06-22.07

Сізге қоғамның әсерінен түйген өмірдің құндылықтары туралы ойларыңыз, көзқарастарыңызды қайта қарауға тура келеді. Бұл өзіңді бірден еркін-тәуелсіз сезініп, “ол былай болуы керек” деп қоғамның жазылған, жазылмаған заңдарын бұзып-жарып өзгерту керек деген сөз емес. Бар болғаны сіз үшін басқалардың пікірі немесе жұрттың топтанып қайда жүгіріп бара жатқаны маңызды ма, жоқ сіздің қайда баратыныңыз маңызды ма, осыны айқындап алу керек. Жүрегіңізді, түйсігіңізді тыңдаңыз, олар адастырмайды.

АРЫСТАН
23.07-23.08

Бұл кезең іскер байланыстар, кез-келген салада, бағытта бірігіп жұмыс бастау және арадағы байланыстарды одан әрі орнықтырып, жақсарту үшін өте қолайлы. Көпшіліктеріңіз достарыңыздың сіздің қолдауыңызға мұқтаж екенін түсінесіз, материалдық тұрғыда ғана емес, ал туыстарыңыз болса бұл аптада кез-келген сауалдары мен мәселелерін алға тартып сізге келіп жүгінеді. Апта барлық салада қаржылай жетістіктерге кенелтеді.

БИКЕШ
24.08-23.09

Бұл аптада шығармашылық әлеуетіңізді көтере түсуге барлық күш-жігеріңізді салыңыз, бірақ әрекететкенде тек қана ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Бұрын бастаған жоспарларыңыз бен жобаларыңызды бітіріп тастасаңыз дұрыс болар еді.Сондай-ақ бұл апта дос-жаран, сүйіктіңіз бен отбасыңыздың алдындағы міндеттеріңізді орындауға таптырмайтын кезең. Ал, басқа жұмыстарда тізгінді тартып, өз тарапыңыздан қабылданған шешімдер мен байламдарға ғана сүйеніңіз.

ТАРАЗЫ
24.09-23.10

Ал, Таразы жұлдызында туылғандарға арқаны кеңге салуға болмайды. Жетістікке қарай жасалған аршынды қадам аздық етеді, оны тынымсыз еңбекпен тұрақтандыра түсу керек. Бұл өміріңізде қиын бір сәттер туды дегенді айтпайды, жай ғана бар күшті еңбекке жұмсау керек, еткен еңбегіңіз көп күттірмей-ақ ақталады. Жеке өміріңізде жақсылық, ал, қаржыңызда тұрақтылық байқалады. Әрине, егер «бәріне қол жеткіздім, енді жеткен жетістіктерім маған жұмыс істесін» дегендей тәкаппарлыққа бой алдырып жүрмесеңіз…

САРЫШАЯН
24.10-21.11

Сізді мазалап, жұмысыңызға кедергі келтіріп жүрген не? Бұл аптада да сонымен күресуге тура келеді. Сүйікті жұмысыңызға шынайы өмір тұрғысынан қараңыз, өзіңізден жасы үлкен, тәжірибесі мол, туыстарыңыз бен әріптестеріңіздің ақыл-кеңесінен бас тартпаңыз. Оның үстіне сізді жұмысыңыздың барлық саласында жағымды күтпеген сыйлар тосып тұратын болады.Жеке өмірде, жұмыста, әлеуметтік қарым-қатынаста діттегеніңізге жету үшін келіп тұрған барлық мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.

МЕРГЕН
22.11-22.12

Еткен еңбегіңіз, істеген жақсылықтарыңызға лайық құрмет пен ілтипатқа ие боласыз. Еңбегіңіз бағаланып, сыйақы алып қуанасыз. Бұл аптада өміріңіздің барлық саласында, жеке өміріңіз, жұмысыңыз, махаббат, қарым-қатынас қысқасы, бәрінде сіз үшін қолайлы сәттер, жанға жайлы тиетін жаңалықтар күтіп тұр. Тек бір ғана бірақ бар. Қуаныштың лебімен шалқып жүріп, қателікке ұрындыратын қадамдарға барып қалмасаңыз болды.

ТАУЕШКІ
22.12-19.01

Тынымсыз еңбекке толы апта, жеке өміріңіз бен қаржы саласында тұрақтылыққа қол жеткізетін жүйелі жұмыс, солай емес пе, сіз бізбен келіседі деп ойлаймын. Ендеше білекті түріп тастаңыз да қордаланып қалған істі шешуге бел шеше кірісіңіз, көптен келе жатқан түйіткілді мәселелерді шешудің де уақыты келді, енді созуға болмайды. Егер істелуге тиіс нәрсенің бәрін жедел әрі тиянақты түрде түпкілікті шешіп тастасаңыз, діттегеніңізге қиындықсыз жетесіз.

СУҚҰЙҒЫШ
20.01-19.02

Табыс тауып, материалдық бақуаттылыққа қол жеткізу жарты жұмыс, ал, оны орнымен жұмсай алу да бір өнер. Егер еткен еңбегіңіздің жемісін көргіңіз келсе ойлану керек.Қазір қолыңызда не бар, оны қалай, қайда жұмсаған тиімді, қайткен күнде ақшаны өзіңізге жұмыс істетуге болады? Болашағыңыз осы сауалдардың жауабына тікелей байланысты. Жалпы апта жаңа бастамалар, инвестиция салу немесе жылжымайтын мүлік алу үшін өте қолайлы.

БАЛЫҚТАР
20.02-20.03

Сізге жаныңыз қаламайтын жұмыстармен айналысуға тура келеді. Бірақ өкінбейсіз. Апта соңына қарай атқарған жұмысыңыздың пайдасын көріп, «істегім келмейді, бірақ атқару міндетім» деген оймен де жұмыс істеп, шеберлік жиып, машықтануға болатынын байқамай да қаласыз. Бұлай жұмыс істеудің де керек екенін түсінесіз, өзіңізге деген мақтаныш сезімі туындайды. Енді жетістігіңізді сізден ешкім тартып ала алмайды және лайық емессің деп те айта алмайды.







Яндекс.Метрика