
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Қазыналы қарттарым» атты іс-шара өтті. Халықаралық қарттар күні мерекесіне орайластырылған мерекелік жиынға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек, қалалық маслихат депутаты Рәшкүл Оспанәлиева және аудан ардагерлері, көше комитетінің төрағалары, қоғамдық бақылау кеңесінің төрағалары, көп балалы аналар қатысты.
Рәшкүл Оспанәлиева, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты : » Қаламызда қарт адамдарға деген ықыласымызды білдіріп, жыл сайын мереке ұйымдастырамыз. Бұл ардагерлер мен қарттар алдындағы сый-құрметіміз. Жастық шағын еліміздің өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен ата-бабаларымызды өскелеп ұрпаққа насихаттаймыз. Үлкен кісілерден үлгі алып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырады деген үміттемін».
Мерекелік кеште өнерпаздардың ән-шашуы мен мың бұралған бишілердің өнерімен жалғасты. Ортаға тілек айтуға шыққан қауым өзінің жылы лебіздері мен ыстық ықыластарын білдірді.
Зұлыпхар Сәрсенбайұлы,Еңбекші ауданының ардагерлер төрағасы : » Бүгін әкімдіктің ұйымдастыруымен, демеушілердің қолдауымен ардагерлер мен қарттарға құрмет көрсетіп жатқандарыңызға алғысымды білдіремін».
Айта кетейік, бүгінгі таңда қаламызда 85 мыңға тарта ардагер бар. Оның ішінде төртеуі Ұлы отан соғысының ардагерлері. Еңбекші ауданында 25 мыңнан астам зейнеткер тұрады.
More Stories
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
Педагогикалық шеберлік орталығының табысты дамуының келесі кезеңінде институционалды аккредиттеуден өту жоспарда тұр.
ҚАЛА ӘКІМІ АГРС-3 НЫСАНЫНА барды