2022-08-10

Мылтықсыз майдан. Жиілеп кеткен жол-көлік оқиғасынан кейін осылай деуге мәжбүрсің…

tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>tories/images.jpg» width=»275″ height=»183″ alt=»images» style=»vertical-align: middle; margin-top: 5px; margin-bottom: 5px; display: block; margin-left: auto; margin-right: auto;» />

tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>Айналдырған жеті айда 300-ге жуық адам жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмған. Түрлі деңгейдегі дене жарақатын алғандарды қоса есептегенде 1500 (!) адам айтып келмейтін апаттың азабын тартқан екен. Иә, мың бес жүз… Кейбір ауылдың үлкен-кішісін түгел есептесең мұнша шықпайды. Тағы бір астын сызып тұрып айтатын нәрсе, бұл біздің, яғни бір облыстың ғана еншісіндегі көрсеткіш. Ең өкініштісі, «мылтықсыз майданның» құрбандығына айналатындар саны жыл санап артып келеді. Әрине, мұның себебін көшедегі көліктің шамадан тыс көбейгенімен бірге кәулікті сатып алып рулге отыратындардың кесірінен деп түсіндіруге де болатын шығар. Бірақ, қаншама адамның қаза тауып, қаншама отбасының қайғыдан қасірет шегіп қалатынына көлік жүргізушілердің тәжрибесіздігімен бірге жол сақшыларының өз қызметтеріне деген жауапсыздығы да себеп болып жатады десек қателеспейміз. Жол ережесін бұзып, айыппұл төлеумен ғана құтылып кетіп жатқан жүргізушілер аз емес. Бұл  жүргізушінің тәжрибесіздігінің айқын көрінісі. Көлік жүргізуді жетік білмеген тәжрибесіз тәуекелшілдің тағы да ереже бұзбасына кім кепіл? Ереже бұзып қана қоймай, ертеңгі күні жазықсыз жанның өліміне себепші болып жатса ше? Міне, бұл біздің бүгінгі қоғамдағы немкеттілігіміз. Аяқ астынан болатын апатқа деген атүсті қарағандығымыз.

tom: 0.0001pt; line-height: normal;»> Мына бір мәліметке қараңыз. Бір ғана біздің облыстың өзінде жыл басынан бері 1000 адам көлік жүргізу құқынан айырылыпты. Есесіне, бұл көрсеткіштен екі есе адам көлік жүргізу куәлігіне ие болған. Мың адамның не үшін көлік жүргізу құқынан айырылғанын тереңдеу зерттеп, зерделемей жатып екі мың адамға куәлік беруіміз  немкеттілік емей немене?

tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>Біздің бұл тақырыпты қайта қозғап, дабыл қағып отырғанымыз да бекер емес. Таяуда айрандай ұйып отырған отбасы арыстай азаматынан айырылып, ойламаған жерден қайғы жамылып қалды. Не бәрі отызға да толмаған азаматтың артында үйелмелі-сүйелмелі үш баласымен жасы жиырманың о жақ, бұ жағындағы жары қалды. Баласының өліміне қабырғасы қайысып, қан жұтып әке-шешесі отыр.

tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>«Менің дәл бүгінгі бастан кешіп жатқан қасіретімді Құдай ешкімге де көрсетпесін,- дейді өзін Рахым Өмірәліұлы деп таныстырған отағасы.- Ұлымнан көз алдымда айырылып қалдым ғой. Жолдың шетіне шығып, тоқтап тұрған көлікті келіп соғатындай жүргізушіге не көрінді екен?»

tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>Иә, ол кісінің айтатынындай бар. Басқасын былай қойғанда жүрісі суыт автобустан сақтанып жол шетіне шығып тұрған жеңіл көлікті ұрып, ұшырып жіберетіндей не жағдай болды екен? Бұл сұрақтың қаншалықты күрделі екеніне оқиға барысымен толығырақ танысқан соң ғана көз жеткізгендей боласыз.

tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>Әкелі-балалы Рахым Өмірәліұлы мен Шерухан Рахымұлы ағымдығы жылдың 20-сыншы шілдесі күні күндіз өздерінің жеңіл көліктерімен Тараз  Алматы бағытында жол жүріп бара жатады. Жамбыл облысының Меркі ауданынан өте бергенде қарсы бағытта келе жатқан үлкен автобусты көреді. Жүрек шіркін әлденені сезді ме, жүрісі суыт автобустан сақтанған олар өз көліктерін жол шетіне шығарып, қарса беттегі көліктің өтіп кеткенін күтіп тұрады. Міне осы мезет қатты жылдамдықпен келе жатқан үлкен автобус қарсы бетке шығып, одан өтіп жол жиегінде тұрған бұларды соғып, жеңіл көліктің күл-талқанын шығарып тастайды. Оқиғаның қатты болғаны сонша рулде отырған Шерухан сол жерде тіл тартпай кетеді. Ал, көліктің оң жағында отырған отағасы есін ауруханада жияды. «Оқиға орын алған жер ауылдың іші, яғни жылдамдықты асыратын жол емес, -дейді Рахым Утенов өз сөзінде.- Ауыл ішінде 50 адам мінген автобусты осыншылықты жылдам жүргізетіндей артынан біреу қуып келе ме? Бұл, біріншіден,  жүргізушінің ғана емес, сонымен бірге үлкен трассадағы жол ережесін бақалауды назардан тыс қалдырған жол сақшыларының да жауапсыздығы. Екіншіден, Астана  Сарыағаш бағытында жүретін автобустың жүргізушісі Дүйсебаев Ғалымжан жиырма беске жаңа толған жас жігіт екен. Көшедегі бізді айтпағанда автобустағы елу адамның тағдырын желігі әлі басыла қоймаған жап-жас жігітке сеніп тапсырғаны қалай? Оның үстіне автобус иесі Қаюпов Алтынбек пен жас жүргізуші Дүйсебаев Ғалымжан екеуінің арасындағы келісім-шартта жүргізушінің көмекшісі кім екені көрсетілмеген. Бәлкім, ол екі мың шақырымнан асатын Астанадан автобусты бір өзі жүргізіп келген шығар. Сөйтіп шаршағаннан көзі ілініп кетуі мүмкін. Тағы бір айта кететін нәрсе, автобус алыс сапарға шығар алдында оның жолға жарамдылығы жан-жақты тексерілуі тиіс. Жүргізушілер де медициналық тексеруден өтуі қажет. Автобус жүргізушісі осының бәрінен өткен дегенге өз басым күмәнім бар. Міне, сол үшін мен оның немкеттілігін, өз ісіне деген салғырттығын қасақана кісі өлтірген адаммен бірдей деп есептеймін»…

tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>Әкелі балалы Утеновтар астындағы көлігін көкшетаулық Машкин Алексей есімді азаматтың 22 500 АҚШ долларлық жүк көлігімен айырбастауға алып шыққан беті екен. Рахым Өмірәліұлының айтуынша, Шымкент қаласы, Қатын көпір елді-мекеніндегі бүгінгі баспанасын бір банктен несие алып, кепілдікке қойған екен. Бүгінде 60 000 АҚШ доллары көлеміндегі несиенің 20 мыңын төлеп, қалғанын жүк көтергіш көлікті алып, іске қосу арқылы банктегі қарызды жабуды жоспарлап жүрген көрінеді. Енді міне, аяқ астынан болған апат бір үйдің апталдай азаматынан айырып қана қоймай, несиеден құтыламыз деген жүйелі жоспарын да күл-талқан етіп отыр. «Ақшаның да, басқаның да орны толар, алайда көздері жәутеңдеген үш бала әкесін сұрап жылағанда не жауап берерімізді білмей қиналамыз. Ал, автобус иесі мен жүргізуші өлімге өздері кінәлі екендерін біле тұра «Бұл Алланың ісі ғой» дейтіндерін қайтерсің. Алла да сақтанғанды сақтайды емес пе?!»-дейді марқұмның қайғыдан қан жұтып отырған ата-анасы.

tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>Біз бір-ақ отбасының басынан кешіп, аһ ұрып отырған жағдайын баяндап отырмыз. Жол-көлік оқиғасы бұдан басқа қаншама шаңырақты қайғы жамылдырып, өкініштен өзегін өртеп отыр десеңізші…

tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>Жол-көлік оқиғасы жиі тіркелетін «тажал трассасы» ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік бетіндегі Сарағаш  Абай бағытындағы аралық та аз айтылмайды. Дөң-сайдан тұратын бұл трассаның тым тар екенінен бөлек, көлік қозғалысы да еш бір саябырсымайды. Қаншама оқиға осы аралықта орын алғанын жергілікті тұрғындар жиі сөз етеді. Ерте көктемде бұл күре жол тағы бір азаматтың өмірін жалмады. Ол елжанды азамат, іскер басшы Ораз Бердешов еді. Шардара ауданы әкімінің бірінші орынбасары ретінде өңірдің өркендеп өсуіне өзіндік үлес қосып жүрген Орекең де «мылтықсыз майданның» құрбандығына айналып кете барды. Осы оқиғадан кейін іле-шала тар жолды кеңейтіп, дөң-сайды тегістау қолға алынды. Бірақ, өкінішке орай, жол үстінде жан тәсілім еткен қаншама адам қайтып келмейді…

tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>Күні кеше атың өшкір жол апаты қазақтың тағы бір арыстай азаматын арамыздан алып кетті. Қазақ өнеріне қайталанбас қолтаңба қалдырған, өз дәуірінің Шәмшісі деп танылған әнші-сазгер Ержан Серікбаевтың да ажалына жол апаты себепші болды. БАҚ атаулының барлығы дерлік біртуар талантқа арнап жоқтау жазды. Жол апатынан қайтыс болғанын айтты. Бірақ, қалай?

tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>Р.S: Біз қоғамдағы бұл келеңсіздіктің алдын алу үшін тек мақала жазып қана қоймай, оқиғаның себеп-салдарын көрсетіп тиісті жерлерге сұрау салдық. Өйткені бұған дейін де талай рет айтылған тақырып тағы да жабулы қазан жабулы күйінде қалып қоймаса екен дедік.

tom: 0.0001pt; line-height: normal;»>Шындығына келгенде ашындыратындай да бар. Мысалы, шілденің 20 күні қайтыс болған Шерухан Рахымұлының өліміне қатысты қозғалған іс әлі күнге дейін сағызша созылып келеді. Одан бері үш айға жуық уақыт өтті, ақ-қарасын ажыратып берген ешкім жоқ. Тіпті, жәбірленуші жақтың айтуынша, оқиғаның орын алуына тікелей себепші болған автобус жүргізушісі әлі күнге дейін аяғын алшаң басып бостандықта жүр екен. Қайтыс болған арыстай азаматтың отбасы… қайғыдан қан жұтып олар отыр. Жап-жас баласынан көз жазып қалған әкеге ең құрығанда көшеге шығып, көңіл алдарқатып қайтудың өзі мұң болып қалды емес пе? Екі балдағына сүйеніп күні бойы көшеге қарап телміреді де отырады. Тағдыр дегенді қойсайшы, жиырма жылдан астам өмірін аспанда, яғни ұшақ ұшырумен өткізген Рахым Өмірәліұлы қара жерді басып жүріп осылай апатқа ұшыраймыз деп ойлапты ма?  Жауапсыздық жайлаған қоғамда, міне осылай, немкеттілеу көрініс көз алдыңда кесе-көлденеңдеп қала береді екен. Әттең…

tom: 0.0001pt; line-height: normal; text-align: right;»> Аман ЖАЙЫМБЕТОВ.             

tom: 0.0001pt; line-height: normal; text-align: right;»>Оңтүстік Қазақстан облысы{jcomments on}

http://kyzmet-gazeti.kz/

tom: 0.0001pt; line-height: normal; text-align: right;»>

Яндекс.Метрика