ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ!

tories/11112019-1.jpg» border=»0″ />

Қазақ елі бүгінде бүкіл әлем танитын, дамыған, тәуелсіз ел. Тәуелсіздік алған өткен жылдар еліміздің мәртебесін барынша асқақтатып, өзгелер бізден үлгі алып, үйренетін жағдайға жеттік. Мұның барлығы әрине халқымыздың бірлігінің және  Президентіміздің  сындарлы саясатының арқасы.  Әрбір сәтті  саяси реформалары арқылы бағамдап, тарихи маңызы зор дара жолды көрсетуде. Соның бірегейі Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың   2019 жылғы 2 қыркүйекте  «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Жолдауда   негізінен елдің табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға арналып отыр. Халықтың әлеуметтік жағдайының артуы да еліміздің экономикалық дамуына әсер етеді.

Аталған Жолдауда экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, адам денсаулығын нығайту, білім сапасын жақсарту сияқты еліміз үшін маңызды бастамалар бар. Сонымен қатар, Президент көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға байланысты үй мен қамтамасыз етуді тапсырды. Көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына тегін оқу грантын бөліп, оларды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Мектептерде оқулықтың сапасын арттыруға байланысты оқулықты қайта жазуға ұсынды. Оқушыларды жазғы демалыс кезінде лагермен қамтамассыз етуді тапсырды. Мұғалімдер мен оқушылардың жағдайын жақсарту үшін ұстаздардың жалақысын 25 пайызға арттыруды тапсырды. Бұл дегеніміз, ұстаздардың жалақысы төрт жылдың ішінде жүз пайызға артады деген сөз. Бұл ұстаздар үшін өте қуанышты жаңалық екені даусыз. Мұғалімнің жұмысқа деген құлшынысы артатыны белгілі.

Сондай-ақ, Ел Президенті осы Жолдауда «Азаматтарды табиғи құбылыстар мен техногендік сипаттағы апаттардан қорғау мәселесіне баса мән беріледі. Өкінішке қарай, мұндай апаттар біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде жиілеп кетті. Бұл салада кәсіби мамандар жұмыс істеуі керек», — деп ерекше атап өтті. Бұл дегеніміз, біз  яғни өрт сөндіруші және құтқарушылар   ел игілігі үшін еңбек ету жолында аянбай,  кәсіби шеберлігімізді  одан әрі арттыруымыз қажет және де бұл бағытта Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Осы орайда, Президент Жолдауындағы әрбір бастамаға қолдау көрсетіп, Елімізді көркейту жолында бірлесіп қызмет атқаруға шақырамын!

 

А. Алтынбеков

№4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика