Қайырымды қалада Әл-Фараби мен Абайға ескерткіш орнатылмақ

КОНКУРС!

tories/11112019-6.jpg» border=»0″ />

Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов Шымкент қаласын Әл-Фарабидің трактаттарында айтылатын «Қайырымды қалаға» айналдыру туралы айта бастаған еді. Сол бастаманы қолдау мақсатында қалада қазақ жерінің ойшыл даналары Әл-Фараби мен Абайға ескерткіш орнатылмақ.

Бұл жайында Шымкент қаласы әкімдігінің shymkent.gov.kz ресми сайтында конкурс жарияланды. Шымкент қаласында шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби мен қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына қойылуы жоспарланған ескерткіш-кешендерінің жобалық ұсыныстарына өткізілетін байқаудың ережесінде жүлде қоры 900,0 мың теңге құрайтыны көрсетілген. Әл-Фараби ескерткіші қала әкімдігі жанындағы саябақта орнатылса, Абай ескерткішін «Абай» саябағына кіре берісінен көретін боламыз.

Жобалар биылғы 20 қарашаға дейін тапсыру қажет болса, ескерткіш-кешендерінің жобалық ұсыныстарын қарау 2019 жылдың 10 желтоқсанда сағат 15:00-де Шымкент қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, №10 (Шымкент қаласының әкімдігі ғимараты) мекен жайында өткізіледі.

«Қызмет-Ақпарат»

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика