ШЫМКЕНТТЕ БІРЫҢҒАЙ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

tories/11112019-9.jpg» border=»0″ />

Шымкентте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен кезекті республикалық «Адалдық сағаты» өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оқушыларға парасаттылықтың негізгі қағидаларын жеткізу.

Атап айтқанда, «Парасаттылық мектебінің» 50 арнайы оқытылған лекторлары «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, Арнайы мониторингтік топ, «Нұр Отан», ардагерлер кеңесі, жастар ұйымдары, қамқоршылық кеңестерінің өкілдерімен бірлесе қаланың 140 мектебінде 28 мыңнан астам оқушыны қамтыған дәрістер өткізді. Аталған кездесулердің форматы ойын коучингтері, тренингтер, дөңгелек үстелдер түрінде ұйымдастырылып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың негізгі мақсаттары, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы парасаттылықтың рөлі түсіндірілді. Шараларда өскелең ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Парасатты дос, аға, ұл, оқушының үлгісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмысының өзегі болып табылатындықтан, «Парасаттылық мектебінің» лекторлары өз баяндамаларында жастарды насихаттау қызметінде бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Превенция басқармасы

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика