Үздік журналистік жұмыстар мен бейне роликтер марапатталды

Шымкентте сыбайлас-жемқорлыққа қарсы форум өтті. Қоғамда сыбайлас-жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру қызметін ұйымдастыруға арналған іс-шараны атап өткізу жобасы аясында «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі және ҚР сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент адалдық алаңы жобалық кеңсесі бірлесе өткізген іс-шаралардың нәтижелерін қорытындылау үшін бас қосқан шара өтті. Адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсететін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін моральдық және адамгершілік идеологиялық құқықтық шараларды талап етеді.

tories/12122019-1.jpg» border=»0″ />

Жемқорлық мәселесі тек қана әкімшіліктің немесе биліктің жұмысы емес. Сыбайлас-жемқорлық жай ғана құқық бұзушылық болып табылмайды. Ұлттық қауіпсіздікке де қауіпті төндіретін үлкен дерт. Мұнымен қоғам болып күреспесек, жеңе алмаймыз. Жыл басында ішкі істер саясат басқармасы БАҚ өкілдеріне, белсенділерге сыбайлас-жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тапсырыс берген. Жыл соңында анықталған үздіктерді марапаттау үшін сөз алған қала әкімі Ерлан Қуанышұлы өз сөзінде қандай пайдалы жобалардың осы жемқорлықтың кесірінен соңына дейін дұрыс жеткізілметіндігін, ал мұның бәріне зияны тиетінін айтып, келген халықты бұл дертпен күресуге шақырды. Мұндай шаралармен жемқорлықпен күрес тоқтап қалмайтындығын, бұл әрқашан өз жалғасын табатындығын жеткізіп, үздік журналистік жұмыстар мен бейне роликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бірінші орынды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Мөлдір Кенжебай, екінші орынды «Казахстанская правда» газетінің арнайы тілшісі Любовь Доброта иеленді. Одан соң бейнетүсірілім арқылы сыбайлас-жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениетті қалыптастыру ісіне азаматтық қоғам өкілдерін белсенді тарту мақсатында ұйымдастырылған бейнероликтер байқауының жеңімпаздары сахнаға шақырылды. Бірінші орын иегері «Отырар» телеарнасының тілшісі Шудин Саидов деп танылса, «Оңтүстік» телеарнасының тілшісі Рабиға Жүніс екінші орынмен марапатталды.

Құндылықтарды бойға сіңдірудің алғышарттары отбасыдағы тәлім-тәрбиеден басталады. Отбасы қоғам бөлшегі ретінде қоғамдағы моральдық-адамгершілік ахуалға әсер етеді. Сыбайлас-жемқорлық қылмыстарын тіркеу, оларды жауапкершілікке тарту мамандардың ісі. Бірақ осы сыбайлас-жемқорлыққа қатысты әрбір азаматының өзіндік жеке пікірі болуға тиісті. Қала әкімінен кейін сөз алған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Серікбай Талғар бүгінгі жиынды департаментпен бірге ұйымдастыруға атсалысқан Шымкент қаласы әкімдігі және «Ғаламат» қоғамдық бірлестігіне алғысын білдіре отырып, күресуге шақырды. Жалпы бұл жиын халықаралық сыбайлас-жемқорлыққа күрес күні және жастар жылы қарсаңында өтілді. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына кедергі келтіретінін атап, бұл дертпен бірлесіп күресуге шақырған болатын. Сондықтан осы форум қоғам мен мемлекттік органды біріктіруге және тиімді іс-шаралар өткізуге бағытталған. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан реформалар аясында заңнамалық база жетілдірілуде. Мемлекеттік қызметкерлердің адамгершілік және әдеп құлқына нақты талаптар енгізілуде. Департаменттің басты мақсаты — қоғам мен жалпы азаматтардың өмірін сыбайлас-жемқорлықтан азат ету үшін тиісті жағдай жасау. Бұл үшін азаматтық қоғамның серіктес ретінде қатысуы өте маңызды. Кез-келген істің тек уақытылы және үйлестірілген іс-әрекеттермен ғана нәтиже берері анық. Біздің қоғамымызды жемқорлық дертінен арылған қоғамға айналдыру үшін осындай игі бастамаларды тұрақты түрде жалғастыруымыз маңызды. Ең әуелі сыбайластықтың салдарларымен күресу емес, оның алдын алу жолын әрбір қазақстандық өз отбасында дәріптесе, қоғам дертіне қарсы иммунитетті де сақтаған болар еді. Агенттіктің барлық бастамалары сенім, әділдік, парасаттылық құндылықтар призмасы арқылы жүзеге асырылуда. Парасаттылық идеологиясы сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің тұжырымдамалық негізі болып айқындалған.

Тиімді іс-қимылды ұйымдастыру бүгінгі күннің басты мәселесі. Сол себепті ең алдымен жемқорлықтың алдын-алу бойынша жұмысты күшейту керек. Осы орайда қазіргі таңда сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жаңа тәсілдерді жүзеге асыру барысында республика өңірлерінде Адалдық алаңдары ашылып, жұмыс жасауда. Шымкент адалдық алаңы жобалық кеңсесінің жетекшісі Ерасыл Төлебаев бір жыл бойы жемқорлықты азайту үшін атқарылған жұмыспен таныстырды. Ең алдымен залда отырған көпшілікпен бірге атсалысып, көп жұмыс жасалғандығын айта кетті. Елбасы өзінің жолдауында «Астана адалдық алаңы» деген жобалық кеңсе өзінің жұмысын тиімді атқарғаны үшін бүкіл Қазақстан бойынша «Адалдық алаңдарын» ашуды тапсырған болатын. Сол бойынша Шымкент ең бірінші болып, Адалдық алаңы кеңсесін ашып, осы жобалық кеңселердің ары қарай да жұмысын жалғастыруын талап еткен болатын. Ерасыл Төлебаев ешқандай мемлекеттік қызметкер емес. Оған осы Адалдық алаңының жетекшісі болу ұсынысы айтылғанда, өте ауыр қадам болды. Бір ғана адам бүкіл қаланы қалай өзгерте алады деп ойлаған. Бірақ осы жобаны іске асыру барысынды қаншама пікірлес тапқанын, бұл мәселе тек жоғарыдағыларды ғана емес, қоғамды да алаңдатып отырған мәселе екендігін түсінген. Мектеп директорлары, емхананың басшылары, жастар жағынан көп қолдау тапқан. Осы жыл ішінде «Адалдық алаңы» халық пен билік арасындағы көпір ретінде өздерін таныта алды. Жастармен ресми емес кездесулер өткізіп, ешқандай барьерсіз әңгіме құрды. Ең бірінші департамент басшынан бастап, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен, Жандос Қалтаевпен диалог құрылды. Алдағы уақытта да «Жастар мәслихаты» депутаттарын шақыру, Шымкенттегі белсенді блогерлермен кездесулер өткізу жоспарлануда. Осы жобаның алға қойып отырған екінші маңызды мәселесі – ашықтық. Мемлекеттік органдар мен басқа да органдардың ашықтығын қамтамасыз етсек, жемқорлықты азайта алатынымызға сенімді. Осылайша қаланың әр нүктесінде 32 фронт офис және open space ашылды. Келесі жылы да өз бизнесін бастағысы келіп жүрген, бірақ қандай құжаттар керек екенін білмейтін жастар үшін «Бизнес инвестицияларға арналған үй» ашу көзделіп отыр.

Ең маңыздысы осы жасалынып, басталып жатқан игі жұмыстардың аяқсыз қалмай, нәтижеге жұмыс жасауы. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету бағытында нақты шараларды қабылдау уақыт талабы еді. Университет қабырғасындағы жастар қоғамымыздың ең дамушы және серпінді, тез қимылдаушы бөлшегі. Нақ солар келешекте өндіріс саласында да, басқару саласында да маман болып қызмет етеді. Сондықтан студенттермен сыбайлас-жемқорлық қарсы сана-сезімді қалыптастыруда олардың белсенділігін арттырудың маңызы зор. Осы орайда студенттер арасында өткен пікірсайыс жеңімпаздары марапатталып, бағалы сыйлықтар тапсырылды.

А.Махашова

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика