Қазақстан мүгедектері оңалту құралдары мен арнайы қызметтерге тапсырыс бере алады. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің сапасын арттыру және қолжетімділігін жаңғырту мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің бүкіл аумағында Әлеуметтік қызметтер порталы енгізілетін болады. Бұл дегеніміз мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдарына және арнаулы әлеуметтік қызметтерге өз бетінше тапсырыс бере алады деген сөз.
tories/12122019-10.jpg» border=»0″ />
Оңалту құралдарының қатарына протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар кіреді. Оған қоса арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторий-курорттық емдеу қызметтері де жатады. Жыл сайын мүгедектігі бар адамдар қызмет көрсету мен медициналық бұйымдардың сапасының нашарлауына жиі шағымданады. Ендігі кезекте бұл шағымдар азаюы керек дейді мамандар. Себебі, оңалту қызметтері мен құралдары оларды алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу проблемаларын шешеді, өйткені мүгедектігі бар адамдар тауардың және қызметтің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады. Бүгінгі күні оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін алуға мүгедектік белгіленген сәттен бастап 8 айға жуық уақыт кетеді. Бұл мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ұзақтығына байланысты.
Бұл жұмыс тендерлік жүйемен жүре алмайды. Өйткені әр азаматтың өз ерекшелігі бар. Тендер ұтып алушылары құралдарды көтерме бағамен алғандықтан, орта жастағы адамға баланың арбасын да беріп қоюы мүмкін. Оған қоса порталды енгізу оңалту қызметтеріне қажеттілікті есепке алудың ашықтық факторын жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.
А.Махашова