Келесі жылы «Еріктілер жылы» болып жарияланды. Осы орайда қаламызда басталып жатқан игі бастамалар жайлы Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан құрылған еріктілер клубының төрағасы Жанысбаев Қуандықпен кішігірім әңгімелескен болатынбыз.
tories/12122019-3.png» border=»0″ />
Құрылғанына бір айдан асқан еріктілер тобы 6 бағыт бойынша жұмыс жасайды. Бұл бағыттар медицина саласынан, экологиялық сала, мәдени, патриоттық, спорт, өнер салаларынан тұрады. Әр топқа бөлінген еріктілер өздеріне ұнаған сала бойынша көмек көрсете алады. Ал егер бір айдан соң басқа салаға барғысы келсе, өз араларында ауыса береді. Жалпы ерікті өзін жан-жақты дамытқаны дұрыс. Жас жағына қарай мұнда шектеу жоқ. Бірақ әдетте он алты жастан асқан азаматтарды алу көзделген. Себебі, кешке қарай ұйымдастырылатын жиындар мен концерттерден кейін кәмелет жасына толмаған балалардың үйіне қайтуы қиындық тудыруы мүмкін.
Ең алғаш еріктілер ұйымын құрамыз дегенде, жастар жағынан қатты қызығушылық болмаған. Бірінші басқосуға төрт қана адам келген. Ары қарай әркім өзінің досын, жолдасын өзімен ертіп алып келіп, қызығушылар саны жетпіске дейін жеткен. Қазірде көпшілік «ерікті» деген ұғымды түсіне бермейді. Мысалы бірге жиналып, бас қосып жатса, айналадағы адамдар ерікті деген кім деп сұрайды. Осындай сұрақтар туындамауы үшін жастарды қоғам өміріне белсене араластыру керек. Жалпы еріктілер екіге бөлінеді. Біреуі физикалық түрде жұмыс істесе, екіншілері әлеуметтік желіде отыратындар. Әлеуметтік желі арқылы ақша жинап, парақша ашатындар екінші топқа жатады. Ал бірінші топтағылар әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып, іс-қимылда жүретіндер. Қазір топта қағаз бойынша 100-ден аса еріктілер бар, бірақ белсенділері қырық шақты. Жұмысын бастағалы бір ай ішінде «Біз – миллионбыз» деген жобаны басталды. Ол жоба төрт мектеп және бір жоғарғы оқу орнынан қолдау тапты. Негізі бұл жоба 2017 жылы іске асырылу керек болатын. Бұл акцияның философиясы мынада: егер әр адам 1 теңгеден қайырымдылыққа берсе, біз миллион теңге қаражатты еш қиналмай жинай аламыз. Заңдылық бойынша бір теңгеден беру керек, бірақ әр адамда 1 теңге табылмағандықтан, бес теңге деп өзгертілген. «Әкімдік тарапынан «Таза қала» деген акцияны басталған болатын. Жалғасын таппай жатыр. Менің ойымша ол әлі нақты нәтижесін көрсеткен жоқ. Біз еріктілер соны ары қарай дамытқымыз келеді. Шын мәнісінде, Шымкент әлі «Таза қала» акциясын өткізуге тұрғындардың жағынан дайын емес деп ойлаймын. Оны ары қарай алып кету үшін әр адам өзінен бастап, басқаларға дәріптеу керек.
Ерікті болу үшін бизнесмен, болмаса күшті біреу болу маңызды емес. Мейірімді жүрек жеткілікті. Қайырымдылық жасағанда адамдарға балық емес, қармақ беру керек. Біз бір отбасыға ақша апарып берсек, олар келесі жолы бізден дәметіп отырады. Қаншама жұмысқа жарамды азаматтар біреуден бір нәрсе күтіп отырады. Бұл қоғамды ауруға шалдықтырады. Мұндай қоғам құру біздің мақсатымыз емес» дейді еріктілер клубының төрағасы.
А.Махашова
Leave a Reply