ҰЛЫ ДАЛА – МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ: ТІЛ, САҒЫНЫШ, МӘҢГҮРТ, АРМАН.

Белгілі ғалым, ЖОО-ның үздік оқытушысы Бегман Ысқақ ағамыздың Оңтүстік қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газетінде сенбі, 2019 жылы 12 қазан күні жарияланған «ҰЛЫ ДАЛА – МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ» атты мақаласын оқи отырып төрт түрлі ойға кеңелдім: тіл, сағыныш, мәңгүрт, арман.

tories/12122019-6.jpg» border=»0″ />

Тіл. Иранда дүниеге келген қандасымыздың көзінің ашқанынан жергілікті ұлт пен тағдыр тәлкегіне ұшырағанбөгде жамағаттар қарым қатынасындағы теңсіздікті көрсе де мойымай ата-анасының отбасында қазақ тілінде үйренді. Мектеп жасында жергілікті тілді жете меңгермегендіктен мұғалімдер мен сыныптастардың мазағына айналып, әкесіне парсы тілін үйретпегеніне реніште білдірген. Бірақ әкесі «Балам, сен қазақсың. Сондықтан өз тілің – қазақ тілін білуің қажет. Әке өлгенде артындағы ұрпағына үйі, жері, малы, домбырасы мұра болып қалады. Ал, алдынғы ұрпақ кейінгі ұрпағына тілді, ана тілін мұра етіп қалдырады. Тілі бар халықтың тарихы, салт-дәстүрі, ділі мен діні, яғни сол халықтың ата-бабадан желі тартқан қадір-қасиеті сақталады. Тілін жоғалтқан халықтың өзіде жоғалады. Саналы түрде өзіне-өзі қол жұмсайды. Шариғатта өзін-өзі өлімге қиған адамға жаназа оқылмайды, жаназасыз өлім – аяушылық, қимастық тудырмайтын, жоқтау айтылмайтын өлім» деп жауап берген екен.

Сағыныш. Әке-шешесі бесіктен белі шықпай жатып туған халықының ана тілімен, құлақ құрышын қандыратын ән-күйімен сусындатып, сонау алыстағы атамекені бар екенін, дарқан қазақ деген халқы барын санасына сіңірген.

Өз соқпағыңды тап. Өзіңнің үйіріңді ізде. «У ішсең руыңмен» деген әке «Жат жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деп өсиетін айтқан.

«Қай жерде менің елім? Ол ел қалай аталады?» деген сағыныш ойдан кетпейді.

Қазақ елі! Қазақстан деп аталады, деген жауаптар естиді.Әкенің сәждеге басын қойған сайын: «О-о Жаратқан ием, жамбасымды туған топыраққа тигізе гөр», шешенің айтқан өсиетінің алтын арқауы – «Туған жерсіз көкірек – жүрексіз бос кеуде, туған жұртсыз адам – құр сүлде» дегені Қазақ еліне деген сағынышы оң-солын таныған сайын еселене арта түскен. Бала күнінен ата-ана арқылы берілген тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, атажұртқа деген сүйіспеншілік жүрек түкпірінде ұялап, қиялына қанат бітірді.Өмірінің бар мән-мағынасы, нәрі «Қазақ елі» деген сағынышпен байланыстырды.

Мәңгүртену. Автор досы Амангелдінің айтқанын сөзін еске алып, Алматы –Шымкент бағытына ұшатын ұшақты күтіп отырған сәтінде, қасына әкелі –балаға көзі түсіп, қазанның қақпағының жоқтығын пайдаланып, халық байлығынан молырақ қарпып қалған азулының бірі болса керек, түр-тұрпатынан хандық пен паңдықтың, байлық пен барлықтың лебі есіп тұрған

азаматты байқайды. Әкелі-бала ата-бабадан мирас болған ана тілінде емес, өзге тілде сөйлесіп отырады. Қағынан жеріген, мәңгүртенген жандар. Сөздерінен байқалғаны әкесі ұлын Президенттің «Болашақ» бағдаламасымен Англияның ең беделді оқу орнына шығарып салып отыр. Әкесі ұлына шет ел туралы айта келіп, «Шетелде білім алған өзіңдей жастар – Қазақстанның болашағы» дейді. Сонда «Ата-бабадан берілген бүкіл қасиеттен, ана тілден жұрдай мәңгүрттенген жандар Қазақ елінің болашағы болса, жарыған екенбіз» деген күй кешкен.

Сол сәтте Ұлан-батор — Алматы бағытындағы ұшақтың қонақтарын қандастарымызды күтіп алу үшін ұшу-қону алаңына жиналуға шақырады. Жас жігіттің сүйемелдеуімен ақ киімді, сақал-шашы аппақ қудай, пайғамбар сипатты қария траптан түсіп, қос қолын көкке жайып жіберіп біраз тұрады да, етпеттей кетіп, жерге маңдайын төсеп, екі-үш рет сүйіп алды.

Смотри, папа, этото старик дурак что ли, грязную землю целует, — деген дауысқа жалт қараса, шетелге оқуға бара жатқан «қазақ елінің болашағы» екен. Әкесі:

— Сынок, они оралманы, -дейді.

Қазақтың бір уыс топырағын армандап келген қарттың жан дүниесін өз ұлтының қадір-қасиетінен, салт-дәстүрінен, тілі мен ділінен қол үзген, мәңгүртенген жандар қайдан ұқсын?!

Біздің болашақ…. қайдан қалай боларын? Қайдам… деп тұнжырайды….

Арман. Осы оғиғаларды бастан өткізген елім, тілім, ділім деген Әминге «Енді қандай арманың бар» деп сұрағанда:

Өркениетті елден келген әрбір қонақ: «Шіркін, қазақтар адамзаттың озық технологияларын игерген, ешбір халыққа ұқсамайтын өзгеше құндылықтары мен өз мәдениеті бар ұлағатты ұлт екен» дегізетіндей деңгейге жеткен халық болсақ, — деген арманын айтқан.

Қазақ елінің сонау тәй-тәй басқан сәби шағында, қыйыншылықтар шаш етектен болса да егемендіктің тәтті дәмін татқан кезінде келген Әмин бүгінде жүздеген жанға жұмыс орнын ашып, тас өрге домалаған білікті кәсіпкердің миллиондап табыс салығын төлеп, атажұртының гүлденуіне үлесін қосып келеді. Қазақтың қара көз аруымен шаңырақ көтеріп, үйелмелі-сүйелмелі төрт ұл-қыз өсіріп отыр.

Әминнің «Бақыт деген не?» деген сұраққа:

— Мен үшін бақыттың үш түрі бар. Біріншісі, табаныңның астында өзіңнің туған жерің болып, дүниенің төрт бұрышына емін-еркін көз жібергенге не жетсін. Екіншісі – қайталанбас, тек өзіңе тән салт-дәстүрі бар атажұртының болуы. Үшінші, одан басқа да бақыттар деп жауап берген.

Бегман Ысқақ ағамыздың бұл мақаласында көздегені әрине, аталмыш жүз жылды былай қойғанда, күні кешегіміз көз алдымыздағы жиырма бес жылдың ішінде өзгермеген нәрсе жоқ: саясаты мен экономикасы, әлеумет мен әлеуеті, тұрмысы мен тіршілігі, даласы мен қаласы, адамы мен оның санасы, ілімі мен білімі, әдебиеті пен мәдениеті өзгерді, өмірдің өзі де өзгеге айналды. Өзгеріссіз қалған тек – қазақтың Киесі мен Иесі. Қазақ елі, ендеше қазақтың ұлттық мемлекеттілігі – алдымен тілге соңынан ділге, ақырында елге, түбінде ерге негізделген. Шын мәнінде, қазақ сөзге ұстамдығы мен беріктігінен бұрын, сөз патшалығына бас ұрып, сыйлай да тыңдай да бiлген, сөзге тоқтай да алған халық! Сол арқылы ел мен ердің ойы мен бойында сан ғасырлап сұрыпталып, сомдалып, шыбын жанындай еніп, қасық қанындай сіңген құндылықтар жүйесі қалыптасса деген өсиеті деп санаймын.

Медеубек Жұматайұлы Тәңірбергенов

ОҚМПУ, П.ғ.д., профессор

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика