Балаларға арналған Шымкент қаласы әкімінің шыршасы өтті

Шымкенттегі «Оқушылар» сарайында «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» атты қала әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шараға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасы балалары, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер және білім, өнер, спортта жетістіктерге қол жеткізген талантты да дарынды 250 оқушы қатысты.

tories/01012020-20.jpg» border=»0″ />

Балаларды жаңа жылдық мерекемен қала әкімі Ерлан Айтахановтан бөлек қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбаевтар құттықтай келді. Шыршаға қатысқан шымкенттік балғындар ертегілер әлеміне серуендеп, жаңа жылдық қойылымның ерекше кейіпкерлерімен жүздесті. Сонымен қатар әр балаға 100 мың теңге көлемінде қаржылай сертификат табысталды.

Балалардың қуанышын бөліскен қала басшысы оқушыларға ыстық лебізін білдіріп, ағалық ақылын айтты.

«Құрметті балалар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл жаңа ғажайыпқа толы мереке. Қазіргі таңда біздің елімізде білім алуға, еңбек етуге және демалуға барлық жағдай жасалып жатыр. Сондықтан, өздеріңізге сенімді болыңыздар. Отанды сүйіңіздер. Қашанда жақсылық жасап, мейірімді болуға тырысыңыздар. Сіздердің бүгінгі жасаған игі істеріңіз — бақытты болашақтың іргетасы. Еліміздің сенімін ақтайтын үлкен азамат болыңыздар. Жаңа жыл сіздерге көп қуаныш әкелсін» — деді Ерлан Қуанышұлы.

Шара соңында балдырғандарға мерекелік тәттілер үлестірілді. Сонымен қатар, олар қала басшысымен естелікке суретке түсті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика