«Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппараттары арасында кезекті екіжақты консультациялардың қорытындысымен Өзбекстан Республикасы ІІМ-нің қатысуымен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

tories/12122019-2.jpg» border=»0″ />

Іс-шараның мақсаты заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қатысты өзге де заңға қайшы іс-әрекеттерді анықтау және жолын кесу болып табылады.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен келген қонақтармен бірлесіп заңсыз көші-қонға қарсы рейдтік іс-шара өткізді.

Аталған жедел-алдын алу шараларының және күнделікті атқарылған жұмыс нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша Қазақстан Республикасына келу, болу және ҚР-нан кету Ережелерін бұзған барлығы – 587 шетелдіктер мен ҚР-сы азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: 511-і шетелдік, 76-ы ҚР азаматтары. Аталған құқықбұзушылардың 320-ы ескертілген, 70-не әкімшілік айыппұлдар салынып, 153 шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Өзге елдердің 44 азаматы сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылған.

Шымкент қ. ПД-нің қабылдап-бөлу мекемесіне жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ — 127 адам орналастырылды.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК 449 бабы 3 бөлігімен, яғни, адамдарды мазалап қайыршылық жасап жүрген 12 шетелдік анықталып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика