Шымкент қаласында Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссияның отырысы өтті. Шымкент қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссияның отырысы өтті.
tories/12122019-11.jpg» border=»0″ />
Үш жақты комиссия отырысын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Парманов жүргізіп отырды. Комиссия отырысына «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бекжанов Берік Айдарбекұлы, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары О.Жансейітов, «Қазақстан әйелдерінің Республикалық кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің филиалы Шымкент қаласының әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Жандосова, Қалалық жұмыс берушілер Одағының өкілі, тағы басқалар қатысты.
Комиссия отырысында: 1. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша комиссияның құрамы мен төрағасын бекіту туралы, 2. Шымкент қаласының кәсіпорындары мен мекемелерінде еңбек заңдылығының сақталуы, оның ішінде өндірістік жарақаттың орын алуы, оны (жою) азайту және алдын алу және жалақы қарыздарының жойылу барысы туралы, 3. Шымкент қаласында «Еңбек күні» мерекесінің аясында ұйымдастырылған «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау және Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының жеңімпаздарын анықтау мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Б.Қалжанов хабарламалар жасады және «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Бекжанов жарыссөзге шығып, Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша комиссияның құрамына қосымша «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесхановты, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Шымкент қаласы филиалының төрағасы А.Манаховты, ҚР мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Б.Прімбетовты, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының төрағасы Е.Батырбековты қосу жөнінде ұсыныс енгізіп, қолдау тапты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Шымкенттегі 21661 кәсіпорынның 1035-де ұжымдық шарт жасалған, ол жыл басынан бері жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар мен ұйымдардың небәрі 4,8% ғана құрайтынын, өндірістік жарақаттар бойынша 2019 жылдың 10 айында 36 жазатайым оқиға орын алып, оның салдарынан 37 адам зардап шеккенін, оның ішінде қайтыс болған адам саны – 6, ауыр жарақат алған адам саны – 12, жеңіл жарақат алған адам саны – 19.
Ал, жұмысберушілердің жұмысберушілерге жалақы қарызы туралы мәселеге тоқталсақ, 2019 жылғы 10 айдың қорытындысымен 3 кәсіпорынның
жұмысберушілері 35 жұмыскерлер мен қызметкерлер алдында 48,336 млн. теңге берешек жалақы қарызы қалып отырғаны, сондай-ақ оларда кәсіподақ ұйымдары құрылмағаны айтылды.
Сонымен бірге, 2019 жылғы 23 қарашада Қостанайда өткен республикалық Үшжақты комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Бердібек Сапарбаев әлеуметтік әріптестік бойынша Республикалық Үшжақты комиссияның отырысын қорытындылай келе әлеуметтік әріптестік қатысушыларына бірқатар тапсырмалар бергенін, оның ішінде өңір бойынша әлеуметтік әріптестіктің жеке Картасын жасау, жергілікті жердегі нақты жағдайларға байланысты әлеуметтік әріптестік келісімнің нақты тармақтарын қайта пысықтау мәселеріне назар аударғанын, жергілікті атқару органдарының алдына жұмысберушілермен және кәсіподақтармен бірлесе белсенді түрде жұмыс жүргізуді жүктегенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Бердібек Сапарбаев «Кәсіподақ барлық кәсіпорындарда болуы тиіс» — деп, атап өткенін тағы еске салды.
Сондай-ақ, республикалық Үшжақты комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Ералы Тоғжанов қатысып, әлеуметтік-еңбек қатынастарын жақсартуға байланысты бірқатар ұсыныстар айтқанын, оның ішінде Шымкент қаласында ұжымдық шарт жасасудың деңгейі төмен екені және соңғы айда өндірістік жазатайым оқиғалардың жиі орын алуы туралы айтқан мәселесі талқыланды.
Осыған байланысты Шымкент қаласының әкімдігі мен Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы жұмысты жақсарту бағытында бірлесе жұмыс атқаратын болды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Шымкент қаласында «Еңбек күні» мерекесінің аясында ұйымдастырылған «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарын анықтап, «Үздік жас жұмысшы», «Үздік еңбек династиясы» және «Жас қызметкерлердің үздік тәлімгері» номинацияларының жеңімпаздары марапатталды.
«Үздік жас жұмысшы» номинациясы бойынша 1-орынды «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің Химиялық талдау зертханашысы Каликова Назгул Ергаликызы, 2-орынды «Химфарм» АҚ-нің техникалық жоспарлау секторының инженері Оайс Роман Рустемович, 3-орынды «Рахат-Шымкент» ЖШС бисквитчигі Болысбеков Дархан Бауыржанулы; «Үздік еңбек династиясы» номинациясы бойынша: 1-орынды «Шымкентцемент» АҚ-нің цемент диірменінің машинисті Жуйков Михаил Александрович, 2-орынды «Химфарм» АҚ метрология және автоматика бөлімінің менеджері Рыжиков Алексей Алексеевич, 3-орынды «Химфарм» АҚ зауытының директоры Байгарин Рустам Шамильевич; «Жас қызметкерлердің үздік тәлімгері» номинациясы бойынша: 1-орынды «Шымкентцемент» АҚ-ның ауысым басшысы Рустемов Эскендер Октемович, 2-орынды «Химфарм» АҚ-ның №3 пероральді қатты дәрілік заттар цехының технологы Бордюг Максим Григорьевич, 3-орынды «Химфарм» АҚ Технологиялық процестерді басқару жүйелерін автоматтандыру жетекші — инженері Саитов Эльдар Игорьевич иеленді.
«Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі
Leave a Reply