Н.Назарбаев Елбасы Қоры сыйлығының лауреаттары мен талантты жастармен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласында, Назарбаев орталығында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаттары мен еліміздің талантты жастарымен кездесті. Кездесуге Елбасы Қоры жанындағы ІТ-Кеңес, Ғылым және мәдениет Кеңесі мүшелері мен Қордың қолдауы арқасында өз идеяларын жүзеге асыра алған талантты жастар қатысты. Олардың қатарында жас ғалымдар, инноваторлар, мәдениет қызметкерлері мен әлеуметтік жобаны ойлап тапқан талантты жастар мен еліміздің әр өңірінің дарынды балалары болды.

tories/12122019-12.jpg» border=»0″ />

Бүгінгі күнде Елбасы Қорының осындай 258 лауреаты бар. Жүлдегерлердің бірі — Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының геномдық зерттеу зертханасының бас ғылыми қызметкері Есіркепов Марлен.

Қордың тағы бір беделді байқауларының бірі – еліміздің жүздеген ақын-жазушыларының жыл сайын басын қосатын «Алтын тобылғы» әдеби байқауы. Елбасы қорының стипендиаттарының бірі — Ворошилова Наталья.

Шара барысында сыйақы лауреаттары мен Қор жобаларының қатысушылары өз идеяларын таныстырып, атқарылып жатқан жұмыс пен болашаққа жоспарларымен бөлісті.

Райхан Шаймерденова

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика