Шымкент қаласының полицейлері ақпараттық-консультациялық іс-шара өткізуде

Шымкент қаласының полицейлері «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты кең ауқымды акция аясында отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-консультациялық іс-шаралар өткізуде. Ағымдағы жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз16 күн» акциясы өткізілуде.

tories/12122019-13.jpg» border=»0″ />

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының әйелдер құқығын зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері жергілікті тұрғындармен кездесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына әңгіме өткізді.

Тұрғындарға қолданыстағы заңнаманың ережелері, атап айтқанда, ұрып-соғу үшін жауапкершілік, сондай-ақ оған қатысты отбасында зорлық-зомбылық жасалған жағдайда әйел үшін іс-әрекет алгоритмі түсіндірілді.

Кездесу барысында барлық қатысушыларға жадынамалар, ақпараттық буклеттер, ІІМ-нің «сенім телефондары» және отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған дағдарыс орталығының байланыс телефон нөмірлерімен брошюралар табысталды.

Барлық қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика