«ЕСКІ ҚАЛАШЫҚТЫҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Келер 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы атанбақ. Қазір қалада қызу дайындық. Шымшаһардағы «Ескі қалашық» атымен танымал орталық қазіргі таңда қызу құрылыс алаңына айналған.

tories/12122019-16.jpg» border=»0″ />

Бүгінде 5 гектардай жерді алып жатқан Цитадель аумағында қазба жұмыстары жалғасуда. Құрылысшылар саны 120 болса, археологиялық қазба жұмыстарымен айналысатын адамдар саны 100-ге жуық. Цитадельдің құрылыс жұмыстары қала әкімі Ерлан Айтахановтың жіті бақылауында. «Ескі қалашыққа» жиі ат басын бұратын қала әкімі тиісті мамандарды сонда жинап, бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын. «Цитадель қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының ең қызықты нысандарының біріне айналуы тиіс. 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы атанатынын ескерсек, аталған нысандағы археологиялық қазба жұмыстарды өте қарқынды жүргізуіміз керек. Жерасты қаласын аршыған археолог-ғалымдарымыз көптеген тарихи жәдігерлер табуда. Келер жылы болатын айтулы іс-шараларға қазірден бастап сақадай сай болуымыз қажет», — деген болатын Ерлан Қуанышұлы. Елімізге белгілі археологтар Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихы барына негізгі дәлелдер дәл осы Цитадельдегі қазба жұмыстары кезінде табылғанын тілге тиек етіп жүр. Зерттеушілердің бірі де бірегейі, ғалым, тарих ғылымдарының докторы Бауыржан Байтанаев «Цитадельді зерттеу барысында қазба жұмыстары орнынан 8 зеңбірек, жарылған оқ жарықшақтары, құмыралар, түбектер, шырағдандар және әшекейлер мен алтын мен күмістен соғылған ақшалар табылды. Шымкенттің өз мұражайын ашуға жететін дүние қолымызда бар» деп еді. Алдағы кезде ғасырлар тоғысқан Цитадель қаланың негізгі туристік нысандарының бірі болмақ. Онда 500 орындық амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтеріп, қаланың көркіне айналады. Жоспар бойынша Ескі қала бекінісін қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы аяқталмақ.

М.Айтбай

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика