Жыр тамған жүрек

Шын өнер жайшылықта емес,жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын- Алланың айрықша мейір — шапағаты түскен пендесіне бұйыртқан қиял-ғажайып нұры. Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға қып қалыптастырады.

tories/12122019-18.jpg» border=»0″ />

Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі де бірегейі — жүректерді жан жылуымен ерітіп,поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген қазақтың ару ақыны, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамоталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық ақыны Фариза Оңғарсынова.

Дара күндерімнің,

Нала түндерімнің,

Серігі болғаның үшін,

Сенімі болғаның үшін,

Мен сені аялаймын.

Көңілді, жайлы күнімді,

Азапты, қайғы- мұңымды,

Өзіммен бөліскенің үшін,

Қапам мен жеңістерім үшін,

Менің мынау қиындау тағдырым болып

О баста көріскенің үшін.

Өлең, мен сені аялап өтем!»-деген сертін орындай білді өмірін өлең деп ұққан аяулы ақын.

Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады. Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген қайталанбас тұлға, поэзия падишасы — ақын Фариза Оңғарсынова адалдық, намысқойлық, жаны да, ары да таза, ерлерге лайық биіктерде ғана көріне білді.

Уақыт ағыны еш жүйрікті жеткізбей сағымдай сырғып барады. Десек те, «Таулар алыстаған сайын биіктейді» деген, жауһар жырды жүрегіне жинаған поэзия патшайымының бейнесі алыстаған сайын биіктей түсуде…

Жуырда Түркістан облыстық әмбебеап ғылыми кітапханасы Фариза апамыздың 80 жасқа толуына арналған « Жыр тамған жүрек» атты поэзиялық еске алу кешін өткізді. Кешке қатысқан ақын – жазушылар ақиық ақынға арналған арнау өлеңдерін оқып, сағынышты естеліктерімен бөлісті.Оқырмандар ақын өлеңдерінен үзінділер оқып, композициялық қойылымдар көрсетті. «Махамбет мінезді» ақынның кешін Нармахан Бегалы өз естелігімен қортындылады.

Н.Д.Рсымбетова

Негізгі қорды сақтау бөлімінің кітапханашы

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика