Шымкент қаласы жастарының назарына!

ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Шымкент қаласының жастары!
Шымкент қаласының әкімдігі 2019 жылғы 11-20 желтоқсан аралығындағы жұмыс күндері сағат 9:00 мен 19:00 аралығында Жастар жылы аясында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларға өтінімдер қабылдайды.

tories/12122019-22.jpg» border=»0″ />

Өтінімдер:
✓ жұмыс істейтін және 29 жасқа толмаған;
✓ Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде тұрған;
✓ Соңғы 2 жылда тұрғын үйге меншік құқығы тіркелмеген;
✓ Ай сайынғы табысы 40 АЕК (101 000 теңге) кем емес және банктегі жинақ (депозиттік) шоты бар жастардан қабылданады.
Ескертпе: егер құжат тапсырушы үміткердің айлық табысы 40 АЕК-тен кем болса, ол кепілдік беруші тұлға ретінде жұбайының/зайыбының табысын ұсына алады.
Тұрғынжайлар сатып алу құқығынсыз 5 (бес) жыл мерзімге жалға беріледі.
Бағдарламаға қатысу үшін төмендегі құжаттарды:
1) Нысан бойынша өтініш;
2) Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
3) Білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балалардың туу туралы куәлігінің (терінің) көшірмесі (бар болса);
6) өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
7) жұмыс орнынан анықтама;
8) өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
9) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар
10) банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;
11) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттарды (бар болса) ұсынуыңыз қажет.

Құжаттар Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12а ғимараттың І-қабатында қабылданады.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика