Үшінші мегаполисте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық жиын өтті. Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара Шымкент қаласының және Түркістан облысының қоғамдық және кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен ұйымдастырылды.
tories/12122019-24.jpg» border=»0″ />
Марапатталғандардың қатарында Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов, бейнелеу өнері мұражайының директоры Айнабек Оспанов, ақын Дәурен Айманбет, «ӨРНЕК» тобынан Қайрат Карибаев және openkazakhstan.kz туристік ақпараттық порталы да бар.
Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырған іс-шара филармония өнерпаздарының концертімен жалғасты.
Айта кетейік, «Көк тудың желбірегені эстафетасы» тамыз айында әлеуметтік желілерде бастау алған болатын. Патриоттық акцияға білім, денсаулық, мәдениет салаларының қызметкерлері белсенділік танытқан еді.