МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Үшінші мегаполистегі халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны Шымкент қаласының әкімдігі мен Шымкент қаласының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұйымдастырған.

tories/12122019-29.jpg» border=»0″ />

Мәделі қожа көшесі, №1 ғимаратта қалалық әкімдікке қарасты басқармалардың мамандары жергілікті тұрғындарға түрлі мекемелерде көрсетілетін қызметтер туралы түсіндіріп, кеңес берді. Жәрмеңкеге қалалық сәулет және қала құрылысын бақылау, жер қатынастары, денсаулық сақтау, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармаларының қызметкерлері қатысты.

Бұған қоса тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің өкілдері депозит ашып, қаржы жинақтау туралы ақыл-кеңес берді.

Бектаев Нурлан

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика