Ардагерлер бас қосты

Шымкентте қала әкімдігінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қаланың ардагерлері мен зиялы қауым өкілдеріне құрмет көрсетіліп, бір дастарқан басына бас қосты. Мерекелі жиынға қатысқан қала әкімі Е.Айтаханов ардагерлерді тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, бүгінгі ұрпаққа Егемендіктің қадірін насихаттауға шақырды.

tories/13122019-30.jpg» border=»0″ />

– Бүгінгі жас буын еліміздің дамыған елдер қатарына қосылу жолында еңбек ету керек. Осы орайда сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен насихаттарыңыздың алар орны ерекше. Тәуелсіздіктің қадірін дәріптеуден шаршамай, ертеңгі жарқын болашақ жастарға жол көрсетуден шаршамаңыздар, — деді қала басшысы.

Салтанатты жиында қаланың дамуына үлес қосқан бірқатар зиялы қауым өкілдері қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, салтанатты жиын барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Бекназаров, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев сөз алып, қала ардагерлеріне жылы лебізін жеткізді. «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов жиылған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, партия атынан Алғыс хатпен марапаттады.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика